Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 9502 0 пікір 26 Тамыз, 2010 сағат 05:41

Мақсат Өсербайұлы. Абай мен Шаһкәрім мұраларындағы жан мен тән ұғымдарына қысқаша шолу

Абайдың толық адам ілімі, тұңғыйық та, терең ілім. Оған бойлаған сайын, өзінің шексіз әлеміне батырып алып кетеді. Мұнысы неліктен екен... Адам баласының дүниеге келуінен бастап о дүниеге дейінгі толғаулар... әлемнің жаратылыс сырлары... ғұмыр мен тіршіліктің мән мағаналары... адамның бітім болмысы... қазақтың міні... Махаббат, ғаділет, рахым дегендердің заңдылықтары тағысын тағы...

Осыншалыққа барған Абайдың жүрегіне, жанына тиген нендей құдірет екен. Менімше мұның түбінде бір ғана хақтық жатса керек. «Лай суға  май бітпес қой өткенге» деген өлеңінде:

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,
Өзіне құмар қылған оның әмрі.

 

Абайтанушылар, Абайды зерттеушілер, Абай іліміне терең бойлаушылар Абайды толық түгелімен зерттеп болдым деп айтпаса керек. Неге десеңіз өйткені, Абай ілімін өмір бойы зерттеуге болады. Содан соң, Абайды дәріптеуге көшесің, немесе соған амал қыласың, сенің ғұмыр бойы алдыңнан шығып жатса, одан қалайша бас тартасың. Қалайша, болдым деп айта аласың.

Сонымен мен де Абай мен Шаһкәрім айтқан жан мен тән ұғымына кішкене түсініктеме яки не нәрсе екенін бір ой жүргізіп біліп жүрелік. Бұл біздің екі өмірімізге де, бек қажет білмектік дүр.

Хакім Абай өзінің біз белгілеп сан қойып алған (қырық үшінші) қара сөзінде: «Адам ұғлы екі нәрседен: бірі-тән, бірі-жан» - деп келтіреді.

Абайдың толық адам ілімі, тұңғыйық та, терең ілім. Оған бойлаған сайын, өзінің шексіз әлеміне батырып алып кетеді. Мұнысы неліктен екен... Адам баласының дүниеге келуінен бастап о дүниеге дейінгі толғаулар... әлемнің жаратылыс сырлары... ғұмыр мен тіршіліктің мән мағаналары... адамның бітім болмысы... қазақтың міні... Махаббат, ғаділет, рахым дегендердің заңдылықтары тағысын тағы...

Осыншалыққа барған Абайдың жүрегіне, жанына тиген нендей құдірет екен. Менімше мұның түбінде бір ғана хақтық жатса керек. «Лай суға  май бітпес қой өткенге» деген өлеңінде:

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,
Өзіне құмар қылған оның әмрі.

 

Абайтанушылар, Абайды зерттеушілер, Абай іліміне терең бойлаушылар Абайды толық түгелімен зерттеп болдым деп айтпаса керек. Неге десеңіз өйткені, Абай ілімін өмір бойы зерттеуге болады. Содан соң, Абайды дәріптеуге көшесің, немесе соған амал қыласың, сенің ғұмыр бойы алдыңнан шығып жатса, одан қалайша бас тартасың. Қалайша, болдым деп айта аласың.

Сонымен мен де Абай мен Шаһкәрім айтқан жан мен тән ұғымына кішкене түсініктеме яки не нәрсе екенін бір ой жүргізіп біліп жүрелік. Бұл біздің екі өмірімізге де, бек қажет білмектік дүр.

Хакім Абай өзінің біз белгілеп сан қойып алған (қырық үшінші) қара сөзінде: «Адам ұғлы екі нәрседен: бірі-тән, бірі-жан» - деп келтіреді.

Алдыменен жанды тәннен бөлек түсіну үшін мына бір Хакім Абайдың өлеңіне үңілелік.

 

Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.

төрт жумақ өлеңменен жанның арнасы мен азығын көрсетіп берген.

«Жүректің көзі ашылса» - дейді. Жүрек: «мен адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ» (он жетінші қара сөз) яғни жүректі таза ұстау керек, қарайса ағарту қажет. Хақтық дегеніміз - шындықтың ең шыңы, жаратушы - Тәңірі.

Ал, «іштегі кірді қашырса» жаман қасиеттерден ада жүріп, пиілі түзу болмаққа ұмтылу. Хикмет-керемет, сыр, ақыл ғажайыптары және көп мағанада қолданылады. Демек адам өзін жан деп біліп тәннің кері пиғылынан, әрекетінен тыйылуды көздейді. Осындайларымызды сақтағанымызда ғана жанды біле аламыз.

«Жан қуаты дейтұғын куат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - десе; «бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар, соны жоғалтып алу жарамас. Ол жоғалса, адам ұғлы хайуан болады. Адамшылықтан шықты.

Біреуі... не көрдің, не естідің, әрнешік білдің, соны тезірек ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады - сол екі жағына ақыл жіберіп қарамақ. Біреуі... не нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Үшіншісі, жүректі мақтаншақтық, пайда күнемдік, жеңілдік, салғырттық - бұл төрт нәрсе бірлән сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі» - деп айта келіп; «... соған ұққан іштегі жан қуатымен жиған нәрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой...» - деп анықтама береді.

Абай мұрасын жалғастырушы, Абайдың немере інісі ғұлама Шаһкәрім жан туралы көп ойлап зерттеген. Соның жетесіне жеткізіп кеткен бітім - болмысы қайталанбас ерекше тұғыры биік, ойшыл ақын.

Шынды білмек ойласаң сен
Алдыменен жанды біл, -

Жанды биік орынға қояды.

Данышпан Шаһкәрім өзінің «Үш анық» филасофиялық трактатында және өлеңдерінде, «Неден бармын?»  «Не қылған жөн?» «Жоғалама жан өлген соң» деген сұрақтарға жауап береді. Оны Абай дәстүрі бойынша сабақтастырады.

«Үш анық» трактатында «...жан әр түрге түседі мәселен, инстинкт - сезімді жан, сознание - аңғарарлық жан, мысль - ойлайтын жан, ум - ақылды жан...» Осылай түсініктеме бере отырып, «... менімше ұждан (ынсап, мейрім, әділет) - жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой істер керек қылады...»

«Неден бармын?» дегенге келсек ғұлама Шаһкәрім

Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тәніміз топырақ пен судан жаралған.

 

Жанның жоғалмайтынын «Жарық нұрдан жаралған күн жоғалмас» жоғары түпие құдіретімен меңзейді.

Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғалысқа керек қолғабыс.
Жан де мейлі бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан.

 

Жаралысты жоғары сатыға сілтеп. Түп иені «жан» , «мән» деген балама сөзбен беріп әлемді «мән» «жан» жаратқан деп ой түйеді.

«Жоғалама жан өлген соң?» деген сұраққа...

Ғибрат қылар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт, осыны ұқ мәңгілік өлмейсің.

 

Демек онсыз-ақ, өлмейтін жанымыз о дүниелік болсада, бұл дүниеде қалдырған ғибратты істер бұл дүниеде өлтірмейтінін айтып отыр.

«Не қылған жөн?» яғни адамды рухани ілімдермен жетілдіру, адамшылдықпен жүру, бұл дүниенің қызықтарына алданбастыққа бастап тұр.

Осы орйда айта кететін бір жәйт. Жан мен қоса «Рух» деген бар ол не нәрсе?

Рух - жанның сыртқы қабаты немесе адам денесі жан болса, оның сыртын жауып қорғап тұратын киімі болғандай рухта сондай сіпетті. Жаннан қалау шығады. Жанның санасы рух арқылы адамның бүкіл болмысына тарайды. Сөйтіп жанның рухы адамға қуат болып, жан оның өмірін басқарады.

Анықты білмес діншілдер,
Өзімшіл, ойсыз, күншілдер.
«Жаныңды жолдан қосты» - деп
Шариат айтып күнкілдер,
Ойында биттей суәле жоқ.

Ғұлама Шаһкәрім «Жаралыс басы қозғалыс» демекші жан әуелде бар болатынын қатты ескертеді.

«Үш анықта» «... Жаратушыда білім бар, өлген соңда бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде де азығы ұждан - совесть деумен ешкім де еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі...» - деп ойын түйіндейді.

Хакім Абайдың (жетінші) қара сөзінде: «Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызу керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ер жеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбенде жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген неәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса: «Ой тәңір-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсеке екен деген адамның баласы екенбіз. Ені осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер - тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.» - деп терең сөз сабақтайды. Абай әрине өзі білмеген емес, білген өзініңде пенде екенін, нәпсі шайтан қалмайтындығын, өзгелерге мұндайларды біліп жүру керек екенін, уақытты босқа өткізбей білмектікке құмарлануға өзгелерден сабақ алуға, бар тынысын жариялағандай айтып отыр.

Осы өмірде жан мен тән біріне-бірі арпалысумен өтуде жан өзінің жоғарылауын қаласа, тән өз нәпсісін қандыруды ғана ойлайды.

Тән физикалық дене ол дене Шаһкәрім айтқандай «тіпті жоғалып кетпейді, барлыққа сіғіп бар болып жүреді.» - дейді.

«Сократ хакімнің сөзі» (жиырма жетінші) қара сөзінде: «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? әрине, қайдан келседе, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың.» - дейді.

Демек жансыз адам ешқандай қозғалыс жасай алмайды ешқандай ойлауды да, ақыл жүргізуді де, сезінуді де, білмейді екен.

 

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» Мен «менікінің» айырылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

 

Хакім Абай жанның мәңгілік екенін жеткізіп отыр. Бұл жерде «Мен» және «Менікі» дегендер түсінікті шығар.

Алла Тағала пайғамбарымыз с.у.с. қарата айтылған сөзінде (17сүре,85аят): «Олар сенен жан туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілген білімнің шегі аз ғана де» - деп арнайы мағлұмат тастауында түбі терең құпия сырлар әлемі қабаттасып жатқанын байқаймыз.

Біздерге қалдырып кеткен мына мұралардан жан мен тәнді жанның азығын, қуатын, кішкене болсада айыра білген шығармыз. Өзімде шамамыз жеткенше білдіруге тырысып бағудамыз ғой, бірақ жан әлемін мына көлемде түгелдей білдіруге болмайды. Ол үшін көп уақыт, ғылым-білім ізденістер керек.

 

Малда да, бар жан мен тән,
Ақыл, сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән
Тереңге бет қоймаса?

Осыларды бір ойлағанымыздан жамандық көрмеспіз...

 

Сонымен, Шаһкәрімнің мына екі шумақ өлеңімен аяқтайық.

Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес.

 

Әрине, ол ар түзейтін ғылым - Абай негізін қалаған толық адам ілімі. Осы ілім толық зерттеліп, ғылыми тұрғыда жүйеленіп жолға қойылса, қоғам үшін теңдесі жоқ, рухани қазына көзіне айналары хақ.

 

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339