Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Қоғам 7073 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 09:46

КӘРІМ МӘСІМОВ. "ЗАҢ МЕН ЕРЕЖЕ БАРШАҒА ОРТАҚ"

Кəрім Мəсімов веложүру кезінде Жол ережесін бұзғаны үшін 10 605 теңге сомасында айыппұл төледі. 

Айыппұлға велосипедпен жүру тыйым салынған Астана-Бурабай автомагистралінде жасалған фотосурет себеп болды.

Фотосурет Премьер-Министрдің Instagram əлеуметтік желісінде жарияланып, қазнет пайдаланушылары арасында кең талқылауға ие болды. Қазақстандықтардың К.Мəсімовтің салауатты өмір салты мен Премьер-Министрдің мемлекеттік қызметкердің заманауи имиджіне сəйкес болуға ынтасы жайлы жақсы пікірлерімен қатар заң бұзушылыққа жол берілгені туралы пікірлер де болды.

"Мəсімовке қатысты өтініш тіркелді. Енді жоғары лауазымды шенеунікті ЖЖЕ бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тарта ма көреміз", – деп жазды «Азаматтық патруль» қозғалысының белсенділері.

Премьер-Министр əлеуметтік желілердегі талқылауды ескеріп, айыппұл төледі жəне осылайша Қазақстанда заң алдында бəрі тең екенін дәлелдеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2120
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4997
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4238