Шартты түрде сотталғандарды электрондық білезіктердің көмегімен бақылау жоспарланып отыр - әділет министрлігі
Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан құқық қорғау реформасы шеңберінде 2015 жылға қарай шартты түрде сотталғандарға бақылау электрондық білезіктердің көмегімен жүзеге асырылатын болады, деп мәлім етті әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет.
«Сотталғандардың бостандығын шектеуді және шартты түрде сотталғандарды бақылауды жетілдіру мақсатында бақылаудың электрондық құралдары - электрондық білезіктерді заң жүзінде енгізу қарастырылып отыр. Бұл жерде қажет қаржылық шығындарды ескере отырып, білезіктерді бұл үшін қажет жағдайлар құрылған сайын бірте-бірте, бірақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей енгізу жоспарланған», - деді Е. Ерімбет бейсенбі күні брифингте.
«Мұның қанша тұратыны сияқты қаржылық мәндегі мәселелер және білезіктердің түрлері қарастырылып жатыр. Қолға, аяққа тағылатын білезіктер бар», - деп нақтылады әділет министрлігінің өкілі.
Ол аталған жаңалықты енгізуге жұмсау жоспарланып отырған қаржының сомасын атаған жоқ, бірақ мұндай бір білезіктің құны Т60 мың екенін айтты.
Е. Ерімбетовтың айтуынша, электрондық білезіктерді арнайы жүйе бақылайды, құқық қорғау органдары шартты түрде сотталған азаматтың қай жерде жүргенін кез-келген уақытта біле алады, нормаларды бұзған адам жауапқа тартылады.