Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3449 0 пікір 26 Тамыз, 2010 сағат 19:06

Айдос САРЫМ. «Ит үреді, керуен көшеді»

Күні кеше ғана қабылданған 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасына ресейшіл «ЛАД» қозғалысы да өз пікірін білдіріпті. Оны пікір, не болмаса ұсыныс деуге де болмас: үйреншікті, күнделікті күңкіл. Күні өтіп, заманы аяқталып бара жатқан ұйымның «піштуі». Қорыта айтсақ, шарасыздық пен мазмұнсыздық. Жалпы алғанда, «ЛАД» қозғалысының бұл мәлімдемесі ұйым басшылығының иісі қазаққа деген  жеккөрініш сезімі мен шовинистік көзқарасын тағы да әшкерелегендей болды. Екі сөзінің бірінен мемлекетке, елге, оның тілі мен мәдениетіне деген жиіркеніш сезімі, мойындамау, менсінбеу лебі айқын сезіліп тұр.

Қозғалыс басшысы М.Крамаренко қабылданған бағдарламаны «әсіреамбициялық һәм популистік» деп бағалап, оның орындалуына күмәнін келтірген екен. Сондағы айтатын бар уәжі - билік мемлекеттік тілді батыл ендіре бастаса, орыстар елден кетіп қалады, сонда қазақтың күні қараң болады дегенге саяды. Бұдан әрі Крамаренко жауырынға қарап, «жағдай ушығып, Қырғызстандағыдай жағдай орнайды», - деген сәуегейлік айтады. Қарапайым тілмен айтсақ, «ЛАД» қозғалысы біздің билікке шантаж жасап, қорқытып отыр. Олардың қисынын тарқатар болсақ, билікті қолдап та, ұстап та отырған - орыстілділер. Олар болмаса не елден кетіп қалса, қазағым бірден билігін төңкеріп тастап, күлге аунатады-мыс.

Осыған орай, «орыс ұйымдарының осыншама таусылып, өмірден түңілуіне себеп бар ма?» деген сауал туындайды. Ойлап қарасақ, бағдарламада орыс тілінің не мәдениетінің қалпағын ұшыратындай ештеңе де жоқ. Керісінше, қазақтың зиялы қауымы мен қоғамдық ұйымдары құжатты әлсіз, пәрменсіз деп сынап жатыр. Қарап отырсақ, билік екі оттың арасында қалғандай әсер туады. Осы жағдайды талдап көрелік.

Өз басым бағдарламаны компромистік тұрғыда дайындалған деп білемін. Кез-келген ымыра қарсыласушы жақтардың ең қызуқанды тараптарының наразылығын туғызатыны белгілі. Осыны ескерсек, қазақ пен орыс ұлтшылдарының наразылығын түсінуге болады. Бірақ, осы екі түрлі, екі полюсті наразылықтың себептері мен табиғаты әр түрлі. Қазақ қауымы өз елі мен жеріндегі тілі мен мәдениетінің 20 жыл өтсе де дамымай отырғанына қарны ашады. Осы себепті де билікке қысым жасап, оны батыл қадамдарға итермелейді, күштейді. Ресейшіл күштер болса, орыс әлемінің Бальзактың шагрень терісіндей азайып, қысқарып бара жатқандығына қынжылады. Олар бүгінгі күні басынан шынайы мүмкіндіктер мен арман-қиялдарының арасындағы жүйелі дағдарысты басынан кешіп жатыр. Сондықтан да болар, олар осындай қисынсыз мәлімдемелерді таратуға құмар. Бұл жерде бір маңызды заңдылықты байқауға болады: қазақ ұлтшылдары да, орыс ұлтшылдары да дағдаруда. Олардың ұрандары бүгінгі күннің талабынан, шынайы күн тәртібінен кем дегенде 15 жылға кешігіп, артта қалып келеді.

Қарап отырсақ, мәселе жазылған сөзде емес, атқарылар істің ауқымы мен пәрменділігінде. Қазақ тілінің мәселесін алтынмен көмкерілген сөз емес, саяси жігермен қамтамасыз етілген нақты қадамдар шешпек. Қазақ тілінің болашағы тек қана биліктің қолында емес. Керісінше, қазақ қоғамның дайындығына, оның парасат-пайымының өсіп-жетілуіне тікелей байланысты. Қай мәселе болмасын, қоғамның талабы биліктің мүмкіндіктерінен биік, жоғары, кең болғаны абзал. Егер қоғам билікке тиісті пәрменмен қысым жасай алса, билік онымен санаспай қоймайды. Алайда, бүгінгі қазақ ұлтшылдарының басты қателігі - өз талаптарын, ұлттың мұң-мұқтажын тек қана тілдік мәселеге байлап қоюында. Оған, бәлкім, бүгінгі қазақ ұлтшылдарының гуманитарлық шығу тегі себеп болар. Алайда, тағы да қайталайын, қазақ ұлтының, мемлекетінің әрбір мәселеге 20-30 жыл арнап, оларды рет-ретімен шешіп отыратын тарихи уақыты жоқ. Бүгінгі күні тілдік мәселемен қатар ұлттық экономика, білім беру, денсаулық сақтау, саяси жүйені дамыту, құқық қорғау органдарын реформалау сияқты көптеген келелі мәселелерді көтерер уақыт жетті. Егер ұлттық мәселелердің дүйім көпшілігі тілдік мәселенің көлеңкесінде қала беретін болса, біз ұзаққа бара қоймаспыз.

Айта кетерлігі, орыс ұлтшылдарынан біздің көптеген артықшылығымыз бар. Оның ең бастысы - табиғи-демографиялық басымдығымыз. Бүгінгі күні мектепке аттанатын 2,5 миллион мектеп шәкірттерінің 70 пайызы - қазақтар. ЛАД-тың мәлімдемесіндегі бір қуантар жаңалық - олар өздерін "ұлттық азшылық" деп мойындап қалыпты. Қазақтың саны жыл сайын 1-1,5 пайызға асып отырса, орыстардың саны дәл осындай көрсеткішке азайып келеді.

Яғни, болашақ - қазақтікі, қазақ тілінікі. Ендігі мақсат - осы болашақтың саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. алғышарттары мен қажетті базасын қамтамасыз ету. Біздер еліміздің солтүстік облыстарындағы жағдайды да ескеруіміз керек. Қазақстанның ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық пікірге Ресей БАҚ-тарының тигізіп отырған ықпалын азайту, шекаралас облыстардағы қандастарымыздың санын еселеп арттыру мәселелерін шешпей жатып, біздер тіл саласындағы сапалы секірісті жасай алмаймыз. Егер көрші ел Грузиядағы не Қырғызстандағы сценарийлерді біздің елде жасап жіберетін болса, оңбаймыз. Елдің тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келеді. Яғни, қазақ ұйымдарының жаңа кезеңдегі саясаты намыс пен парасатты түйістіруден басталуы тиіс. Саяси сахнаға жаңа буын ұлтшылдары шығуы қажет. Осыған қол жеткізсек, ЛАД-тың лаңына "ит үреді, көш жүре береді" деп қарауға болады.

«Халық сөзі» газеті, №7 (27.08.2010)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320