Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5315 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 14:21

АЛМАТЫДА 10 АЙДЫҢ ІШІНДЕ 249 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев баспасөз брифингін өткізді. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды.

«Бизнестік жол картасы-2020» бағдарламасы мен Индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қалада атқарылған шаруаларды түйіндеген жиында Алматы қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Конференция барысында спикер Алматы қаласының шағын және орта бизнесінің, сауданың, қызмет көрсету саласының т.б. негізгі көрсеткіштерін жария етті.

Мысалы, үстіміздегі жылы «Бизнестік жол картасы-2020» бғдарламысын жүзеге асыру үшін бюджеттен 3,2 миллиард теңге бөлінген. Ағымдағы 10 айдың ішінде аталған соманы игеру мақсатында 249 жоба іске қосылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 есеге, несиелер қоржыны мен субсидиялар көлемі 2 есеге артқан екен.

Сондай-ақ, Даму кәсіпкерлікті қолдау ұйымымен Алматы қаласы әкімдігі бірлесе отырып, «Жібек жолы» жобасын бастаған. Ол үшін бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Сонымен қатар, Алмас Өскенбайұлының айтуынша, Үкімет қабылдаған 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы мен Алматы қаласы әкімдігінің 28-Қысқы Универсиада-2017 және ЭКСПО-2017 қарсаңында 100-ден астам жаңа нысандар іске қосылса, жыл соңына дейін тағы 10 нысан қолданысқа берілмек.

Орталық Азиядағы ең үлкен «Happy Eye» аттракционы, Hilton» қонақ үйі, «Москва» ойын-сауық орталығының ашылуы, «Kempinski»,  «Novotel»,  «Srtarbucks»,  «McDonal’s», «Ritz-Carlton» секілді әлемдік бренд маркаларының Алматыда бой көтеруі де айтылды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиевтің айтуынша, шетелдік инвесторлар Алматы ритейлының нарығына кіруде. Атап айтқанда, 2017 жылы «OBI»,  «Leroy Merlin»,  «Forum Eurasia» секілді компаниялар Алматы нарығына енбек. Мысалы, Алматы әкімдігі  «Turkmall» түрік-неміс компаниясымен серіктесе отырып құны 1 миллиард долларға татитын жобаны бастаған.

Ал отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, құны 7,8 миллиард теңгені құрайтын жылыжай іске қосылыпты. 10 мың тоннадан астам қызанақ пен қияр өндіретін жылыжай өнімдері Алматы сөрелерімен қатар, Республиканың өзге де аймақтарына шығарылмақ.

Бұжан өзге Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму Басқармасы екінші бесжылдыққатың жоспары бойынша құны 175 миллиард теңгені құрайтын 80 жаңа жоба, 11 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздеп отыр. Аталған жобаның аясында қазіргі таңда Алматы қаласында 21 жоба іске қосылған.

«Өздеріңіз білетіндей, Алматы ірі қала. Республикамыздың ЖІӨ көрсеткішінің 25 пайызын біздің Алматы құрайды. Қазірдің өзінде бізде 240 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері тіркелген. Сондықтан, бәсеке де, сапа да жан жақты бақылауда. Үкіметтің 2020 жылға арналған 7 бағытының 2 позициясы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған. Біздің қаламызда әсіресе сауда қатты дамыған. Ол қала бюджетінің 86 пайызын құрап отыр»,-дейді Алмас Өскенбайұлы.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498