Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3261 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 10:33

Ресей ұлтшылдары Черногорияға шабуыл жасаған

Черногорияда өткен айда парламенттік сайлауларда билікті басып алуға талпыныстың артында ресейлік ұлтшылдар тұр, олар премьер-министр Мило Джукановичті өлтіргісі келген. Бұл туралы Reuters агенттігі Черногория прокуроры Миливой Катничтің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Прокурордың айтуынша, қылмыстық топты ұйымдастырушылар премьерді өлтіру арқылы үкіметті тайдырып, билікке оппозицияны әкелгісі келген.

Катничтің хабарлауынша, террорлық опрацияға дайындық Черногория, Сербия және Ресей аумағында жүргізілген. Премьерді мерген өлтіру керек болған. Сербия және Черногорияның арнайы қызметтері жүргізген зерттеу соны анықтаған. Сербия билігі ұйымдасқан топқа қатысы бар болуы мүмкін бірнеше күдіктіні ұстады.

Черногория полициясы 16 қазан саулау күні Сербияның 20 азаматы ұсталғанын хабарлады. Олардың сербиялық ресми құрылымдарға қатысы жоқ екені айтылды.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397