Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5507 0 пікір 1 Қараша, 2016 сағат 10:42

Түркістанда тосап, шырын шығады

Шаруалар жақсы біледі, өнімді өндіруден оны өткізу қиын. Осыны ескерген жергілікті кәсіпкерлер әрі дихандарға жәрдем жасау, әрі өздерінің де кәсібін дөңгелетуді қолға алғандар көбейіп келеді. Соның бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы «Әл-береке» кооперативін айтуға болады.

Түркістандағы Оранғай елді мекенінде ашылған «Әл-берекеә кооперативінің консерві цехы консервіленген көкөніс өнімдерін шығарады. Шикізат жергілікті дихандардан жеткізілетіндіктен, өнімнің де өзіндік бағасы жоғары болмауы тиіс деп күтілуде. Бұған, әрине, өндірген өнімнің далада қалмайтынына жергілікті шаруалар да қуанышты.

«Түркістан азық-түлікпен өзін-өзі 100 пайыз қамтитын аймаққа айналуы керек!». Цехтың ашылу салтанатында осылай деген Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев осы шаруаның түйінін тарқатуды жауапты азаматтарға тапсырды. Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінде жергілікті кәсіпкерлер 20 мың тоннаға дейін сүт өндіріп, оны Кентау мен Шымкент қалаларына жеткізеді екен. Ал, көкөніс өндіру көлемін 1172 тоннаға, бақша өнімдерін 172 тоннаға дейін жеткізіп, саудаға шығарған. Енді осы өнімдерді көкөніс күйінде ғана сатпай, консервіленген тосаптар мен шыныдағы шырын өндіру ісі белең алатын болады. Айтқандай, осынау жағцымды жаңалықтың арқасында түркістандық 40-қа жуық азамат тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналаспақ.   

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1058
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993