Әлім Баялиев. Демократияның нығметтері
Қыркүйектің 12-сінде Түркияда ел конституциясына кейбір өзгерістерді енгізіп-енгізбеу турасында референдум болғалы жатыр. Негізінен алғанда, бауырлас елдің конституциясы да, іс жүзіндегі саяси жағдайы да біздікінен әлдеқайда тәуір. Бүгінде Түркияны орныққан демократияның елі деп айтуға болады. Мемлекетті парламенттік демократия жүйесімен басқарып отырған, сол демократияның арқасында экономикасын қарыштатып дамытқан, дамытып қана қоймай, әлемнің ең ірі, беделді, ықпалды жиырма мемлекетінің басын қосқан G-20-ға мүше болып отырған, қоғам өмірінің барлық саласында Еуропа Одағының стандарттарын жедел түрде қабылдап, сол одақтың төріне ұмтылып отырған ел Түріктер бүгінде. Саяси реформаларына, экономикаларының динамизміне, туризмді дамытуда жеткен деңгейлеріне мадақ айтпайтын саясяткерлер мен мамандар дүниеде кемде-кем. Осының бәріне қарамастан, Түріктер демократияларын одан сайын дамыта түсу мақсатында 1982 жылы (әскери хунта тұсында) қабылданған конституцияларын өзгерткілері келеді. Алдымыздағы айда халық даусына салынғалы жатқан өзгерістер де, міне, осы санаттан. Патша көңілді халықтың төрелігіне ұсынылып отырған өзгерістердің дені әскери және сот жүйесін демократияландыруды және кейбір хұқықтар мен бостандықтарды кеңейтуді көздейді.
Қыркүйектің 12-сінде Түркияда ел конституциясына кейбір өзгерістерді енгізіп-енгізбеу турасында референдум болғалы жатыр. Негізінен алғанда, бауырлас елдің конституциясы да, іс жүзіндегі саяси жағдайы да біздікінен әлдеқайда тәуір. Бүгінде Түркияны орныққан демократияның елі деп айтуға болады. Мемлекетті парламенттік демократия жүйесімен басқарып отырған, сол демократияның арқасында экономикасын қарыштатып дамытқан, дамытып қана қоймай, әлемнің ең ірі, беделді, ықпалды жиырма мемлекетінің басын қосқан G-20-ға мүше болып отырған, қоғам өмірінің барлық саласында Еуропа Одағының стандарттарын жедел түрде қабылдап, сол одақтың төріне ұмтылып отырған ел Түріктер бүгінде. Саяси реформаларына, экономикаларының динамизміне, туризмді дамытуда жеткен деңгейлеріне мадақ айтпайтын саясяткерлер мен мамандар дүниеде кемде-кем. Осының бәріне қарамастан, Түріктер демократияларын одан сайын дамыта түсу мақсатында 1982 жылы (әскери хунта тұсында) қабылданған конституцияларын өзгерткілері келеді. Алдымыздағы айда халық даусына салынғалы жатқан өзгерістер де, міне, осы санаттан. Патша көңілді халықтың төрелігіне ұсынылып отырған өзгерістердің дені әскери және сот жүйесін демократияландыруды және кейбір хұқықтар мен бостандықтарды кеңейтуді көздейді. Бұл өзгерістерді мақұлдап, 12-ші қыркүйекте «иә» дейтіндер мен өзгерістерге қарсы шығып отырған, референдум күні «жоқ» дейтіндердің үлес салмақтары, соңғы сауалнамаларға сүйенсек, парапар. Науқан қыза түсуде. Саясаткерлер митинг алаңдарында сайысқа түсіп, халықты үгіттеп әлек. Халық youtube, facebook сияқты интернет-ресурстарда пікір таластырып, бірін-бірі үгіттеп әлек...
Жалпы, Түркиядағы демократияның тарихы Османлы империясы өмірінің соңғы жылдарынан бастау алады. Монархияны жойып, республиканы құрған Ататүрік асылында батысшыл болғанымен және демократияға оң қарағанымен, өтпелі кезең және жедел модернизация қажеттілігі жағдайында елді авторитарлық тәсілмен биледі. Осылайша, Түркия Ататүрік және ізбасары Исмет Инөнү тұсында, 1919 - 1950 жылдар аралығында, бір ғана партияның билік монополиясы жағдайында басқарылды. (Біз бен сізге қандай таныс жағдай десеңізші.) Совет Одағынан сескеніп, Батыспен жақындасқан Инөнү Батыстың демократиялық стандарттарын қабылдауға мәжбүр болды. Сөйтіп, Түркияның тарихындағы алғашқы демократиялық сайлау 1950 жылдың 14 мамырында өтті. Сайлауда оппозиция жеңіске жетті. Содан бері әскери төңкерістер, әртүрлі кедергілер мен кемшіліктерге қарамастан, Түрік демократиясы жұмыс істеп және дамып, қанат жайып келеді.
Еркін, әділ, ашық, бәсекелі, өтіріксіз сайлау... Түріктер бұл жолы да өз тағдырларын өздері шешіп, еркін таңдауларының жемісін көрмек. Бәрінен бұрын, әділ, демократиялық референдумға қатысып, азамат ретінде ел мәселелеріне дауыс беру арқылы тікелей әсер ету мүмкіндігінің ләззатын тағы да татпақ... Не дейміз? Қызыға да қызғана қараймыз. Қалаған қайраткерін мемлекеттің басына әкеліп, ұнамаса алып тастайтын, өз Атазаңдарын өздері қалыптастыратын ұлт Түріктер бүгінде. Ұнатқан саяси партиясын ашық жақтап, ой-пікірін жасқанбай айтатын, әкім-басшыларынан қатал есеп сұрайтын халық бүгінде Түріктер. Өмір сүріп жатқан елі үшін, Отаны үшін жауапкершілігін сезінетін, сол Отанды көркейту жолында үлкен-кішісі білек сыбанған қауым Түріктер бүгінде. Өз елдерінің шынайы иесі де, киесі де Түріктер бүгін. Түріктің басына туған күн Қазақтың басына да тусын дейміз. Осы күндері 15 жылдығы аталып жатқан конституциямызды біз де ұлтымызға лайықты, жарасымды, демократиялық стандарттарға сай мәнді мәтінмен алмастыратын кезге жетейік. Тез уақытта...
«Абай-ақпарат»