Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2749 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 06:23

“100 аурухананың” 18-і биыл салынады

Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр Елжан Біртановтың қатысуымен “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасын іске асыруға арналған брифинг өтті.
Мемлекет басшысының осы бағ¬дар¬ламаны жүзеге асыру туралы тап¬сыр¬маны бергеніне де екі жылдан асты. Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Алматы және Астана қа¬лаларының әкімдіктерімен келісе отырып, 2007-2010 жылдары  респуб¬ли¬камыздың барлық өңірінде 103 денсаулық сақтау нысанын салуды жос¬парлаған болатын. Әрине, сол кезде жоспарды жүзеге асыру қар¬қын¬ды басталған. 2007 жылы 11 ны¬санның, 2008 жылы 63 нысанның құрылыс жұмысын жүргізу көзделді. Бірақ, 2007 жылғы қарқын баяулап, 2008 жылы 24 денсаулық сақтау ны¬санының құрылысы басталған жоқ. Оған қоса 2008 жылы, яғни белгі¬лен¬ген мерзімнің екі жылы өткенде жұ¬мыстың 10 пайызы да бітпей қалды. Бұл туралы былтыр “Егемен Қазақ¬стан” газетінің 30 желтоқсандағы қорытынды нөмірінде жазылды да. Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігін салыстыра отырып жұмыстарының қорытындысын бергенбіз. Сонда ден¬саулық сақтау мекемесінің жетеуі ғана пайдалануға берілгені мәлім болған.

Енді биыл вице-министрдің ха¬бар¬лауымен  100 аурухананы салып бітіруді Үкіметтің тағы бір жылға  ше¬гергенінен құлағдар болдық. Үкімет өзінің осы жылғы мамырдың 25-і күнгі №398 қаулысы бойынша 2009-2011 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысандарының құрылысы бойынша қажетті қаражатты бөлуді бекіткен. Бюджеттік бағдарлама бой¬ынша осы жылдарда іске асырылуы көз¬делген нысандардың жалпы сома¬сы 248,6 млрд. теңгені құрайды екен. Ал осы нысандардың өңірлер әзір¬леген жобалау-сметалық құжаттама¬сын¬да 347 млрд. теңгенің қажеттігі жазылыпты. Сонда қосымша 98 млрд. теңге керек. Біз “бұл соманы қайдан аласыздар?” – деп нақты сұрақ қой¬ғанымызда, вице-министр қосымша қаражатты табудың жолдары қарас¬ты¬рылып жатқанын айтты. Оның ішінде шетелдік компаниялардың, басқа да шетелдік ұйымдардың көмегіне сүйенілетінін жеткізді.
Сонымен, 2009 жылы 100 ауру¬хана жобасы бойынша 2009 жылы 18 денсаулық сақтау нысанының құры¬лысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 74 нысанды 2010-2011 жылдары аяқтау жоспарланыпты.

Айгүл СЕЙІЛОВА.
«Егемен Қазақстан» газеті  30 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408