Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4376 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 10:58

Анна Нұрмұхамбетова Олимпиада жүлдегері атанып жатыр

Халықаралық олимпиада комитеті  қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетоваға Лондонда өткен  2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері бұйырғанын хабарлап отыр.

2012 жылғы Олимпиадада Нұрмұхамбетова 69 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, 5-орынға ие болған еді. ХОК 3-ші және 4-ші орын алған белоруссиялық зілтеміршілер Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновецті допинг сынаманың оң нәтижесіне байланысты шеттетті. Осылайша қола медаль қазақстандық спортшыға бұйырды.

«Осыған дейін қарсыластарының допинг пайдаланғаны үшін қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың қола медаліне ие болды» деп жазады egemen.kz сайты.

Сөйтіп Анна Нұрмұхамбетова араға төрт жыл салып Олимпиада жүлдегері атанып жатыр. Әрине, бұл қуанышты хабар. Қазақстандық ауыр атлеттердің қанынан табылған допинг сынамасы да базбіреулерге күтпеген жерден қуаныш сыйлап жатқан болар...

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 438
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1749
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 901