Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6455 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 09:48

Г.ЕРҒАЛИЕВА: «МАКС ПЕН ТАЛҒАТ КІНӘСІН МОЙЫНДАУЫ КЕРЕК»

Бүгін, белгілі оппозиция серкесі Гүлжан Ерғалиева Атырауда ісі қаралып жатқан «Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың айып тағылған кей баптар бойынша кінәсі бар» деп есептейтінін мәлімдеді.

Сол үшін де, күні кеше республикалық  «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы екеуінің Атырауға арнайы барғанын айтқан Гүлжан Ерғалиева, бас кейіпкерлерді процессуалдық келісімге қол қоюға шақыру үшін, тіпті судья Г.Дәулешовадан сотталушылармен кездестіруді өтініп хат та жазғанын айтты.

«Процессуалдық келісім заң аясында жүреді. Бастысы, сотталушылар бізбен  кездесуден бас тартып отырған жоқ. Егер, сот бізге тым болмағанда, бір сағатқа кездесуге рұқсат берсе, бұл мәселені жан-жақты талқылар едік. Процесс те, тағылып отырған айып та өте күрделі. Жалпақ тілмен айтқанда, олар «Қылмыстық Кодекстің» «заңсыз митинг ұйымдастырып, заңсыз шеруге қатысты», «жалған ақпарат таратты», «әлеуметтік және ұлттық араздық тудырды» деген баптар бойынша айыпталып жатыр. Рас, жігіттер митингті ұйымдастырды, халық арасында насихат жүргізіп, оларды қатысуға да шақырды. Міне, осы баптар бойынша жігіттер айыбын мойындауы керек деп ойлаймын. Ал, «ҚР Қылмыстық кодексінің» 174 бап, 2 бөлімі  бойынша тағылған айып өте күрделі.  Менің ойымша, кез келген процесте келісім болуы тиіс. Және ол заңдық тұрғыдағы дұрыс келісім процесі болуы керек» деген Гүлжан Ерғалиева, бұл салада біраз тәжірибесі бар аға буын ретінде, айыпталушы азаматтарды ақылға шақырды және мемлекеттік айыптаушылар мен қорғаушы тарапқа келісім үстеліне отыруға кеңес берді.

«Әрине, шешімді жігіттердің өздері қабылдайды. Бірақ, олар алдыңғы екі бап бойынша айыбын мойнына алуы керек. Қанша дегенмен, олар үлкен адамдар ғой. Болар жағдай болды. Өтті де, кетті» деп қосып қойды Гүлжан Ерғалиева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364