Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4215 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 19:19

Төлебидің шипалы сусыны

Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.

Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің ата-бабаларымыз халық медицинасында пайдаланып келген.

Ауданымызда Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы, Алатау, Аққұм, Кемеқалған  ауылдық округтері қымыз өндірісін дамытуға маманданған.

Қымыз өндіру саласында 2015 жылы 2375 бие сауылса, 2016 жылы 2415 биеге өскен, 2015 жылы 1781 тонна, 2016 жылы 1835 тонна қымыз өндірілген. Оның ішінде: 2015 жылы - 780 тоннасы өзінің қажеттілігіне жұмсалса, 1001 тонасы сатылған. Ал 2016 жылы – 783 тоннасы өз қажеттілігіне, 1052 тоннасы сатылымға.

 Қымыз өндіру саласында мемлекеттік қолдау шаралары 13 шаруашылыққа көрсетіліп, 480 тонна қымыз өндіргені үшін 28,8 млн. теңге субсидияға қол жеткізді. 2016 жылы қосымша 3 шаруашылық қосылып, 16 шаруашылыққа ұлғайған.  Биыл субсидия көлемі 29,1 млн теңгеге жетіп отыр.

Ауданымызға қарасты Аққұм ауылдық округінде қымыз өндіруші Оразымбетова Ұлбосын Ахатайқызы , биелерді сауып қана қоймай, оны баптаумен де өзі айналысады. Салқын бие сүті 2 сағатта қымызға айналады екен. Оны кең даланың кермек иісті киікоты шөбіне ыстайтынын айтады. Жеке кәсіпкердің айтуынша 9 айда 41640 литр қымыз өндіріпті.

Зертас ауылдық округінің тұрғыны жеке кәсіпкер Кортаев Тұрар Оңғарұлы 9 айда 32500 литр қымыз өндіріп, аудан тұрғындарын қымызбен қамтып отыр.

Қымыз ішіп, ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366