ҚАЙРАТТЫҢ "СОҢҒЫ СӨЗІ". ТАЛАС ТУДЫРҒАН ҚОС ӨЛЕҢ
«Абай.кz» пікірталас алаңында мақаламыз жарияланған соң, біраз әңгіменің тиегі ағытылды. Жазылған пікірлердің дұрысы бар, бұрысы бар, біраз тиянақты ойлар айтылыпты, тіпті, жеке басқа тіл тигізген желөкпелер де жасырынып қиқулапты. Оның бәріне жауап беру шарт емес.
Солардың арасынан аталы сөз айтқан белгілі ғалым, қоғам қайраткері Совет-хан Ғаббасов ағамыз, Еламан, Али деген азаматтар қазақ халқының бірлігі үшін, жас ұпақтың тәрбиесі үшін бәрімізді ынтымаққа шақырған екен. Әсіресе, Сәбеңнің «Ал, екі мақаладағы айтылып отырған – ҚАЙШЫЛЫҚТАР – соншама дабыралайтын іс емес. Жөнін айтып екі нұсқаны да... Қайраттың кітабына енгізген жөн» – деген тоқтамын мен де құп көріп отырмын.
Енді Ғаббас Қабышұлының мақаласына келсек... Ғаббас аға, бойыңызға қарап, өзіңізді қара нардай мықты екен деп жүрсем, көңіліңіз баладай нәзік екен ғой. «Үйге келмеді, айтпады...» деп, біраз бұрқылдапсыз. Өкпеңіз орынды. Баяғыда алды артымызға қаратпайтын жастықтың буымен үйіңізге еркелеп кіруші едік. ЦК-ның мүшесі-ау, «Ара» журналының Бас редакторы екен-ау деген ой, ол кезде, «зырқырап» тұрған басымызға кіріп те, шықпайтын. Сіз де түсіне қоясыз. Жеңгеміздің «алысқа» тығып қойған тәтті-дәмдісін, ой, кешіріңіз, «ащы-тұщысын» арқалатып жіберуші едіңіз. «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ұмытыла ма? Жоқ, әрине. Бірақ, қазіргі уақыт мүлде басқа ғой, адамдарды да өзгертіп жіберді. Шақырмаса, бірге туған бауырыңның үйіне де бейсауат бармайтын болдық. Мақаланы көрсетіп, өзіңізге кіріп-шықсам ба деп оқталғаным рас, бірақ батпадым. Алдыңыздан өтпегенім үшін – ғафу өтінемін, Ғаббас аға! «Жақсының ашуы шәйі орамал кепкенше» дейді ғой, Сіздің әрқашан мейірім төгіліп тұратын жүзіңізді ешқашан кірбің шалмасын деймін.
Тек, өтінерім, мені Роллан Сейсенбаевтың «адвокаты» деп босқа күйдірмеңізші! Мүйізі қарағайдай кілең мықтылармен Мәскеуде «обед» ішіп, Лонданда «ужин» жасайтын әйгілі жазушы біз сияқты жалаңаяқ журналиске қарап қалмаған шығар. Өздеріңіздің араларыңыздағы әдеби дауды менсіз де шешіп аларсыздар.
Ал, «өзіміздің мәселемізге» келсек, мен де Сізге тартқан бірбеткей екенімді жақсы білесіз – айтқанымнан қайта қою жоқ. Сондықтан, өз пікірімде қаламын. Бірақ, өзіңіз айтқандай, ойлана келе, оқырмандардың да өтініштерін ескере отырып, екі өлеңді қатар жариялауды ұсынып отырмын. Әр автордың өлеңдерінде жоқ шумақтарды қызылмен бояп көрсеттім. Ақ-қарасын оқырман өзі айырып алар.
Осымен, бұл әңгіменің нүктесін қойсақ, қолдайтын боларсыздар, ағайындар.
Қайрат Рысқұлбеков
АҚТЫҚ СӨЗ
Елбең-елбең жүгірген, Ұлы Ленин бабамыз Қаймана қазақ қамы үшін Тұтқынға түстім жаутаңдай, Күнәдан таза басым бар,
Қазақ ССР Жоғарғы Сотында оқылған күні: 16 маусым, 1987 жыл
(1994 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген К.Табеевтің «Қайсар рухты қазақ» кітабына енгізілген)
|
Тоқтархан Шәріпжанов
ҚОШ БОЛ, ТАҢДАРЫМ! Елбең-елбең жүгірген,
Қаймана қазақ қамы үшін, Жалғанда мынау, жалғанда, Күнәден таза басым бар,
Сусылдап келіп шешінген, Айтылған сөзім жетер деп, Қайғының бұлты торлады, Мен не етермін, не етермін? Көре де алмай өтермін.
Жиырма бір жасында,
«Қазақ әдебиеті», 16.09.2016 ж.
(2003 жылы «Үш қиян» баспасынан шыққан Т.Шәріпжановтың «Қалдырдым мұра халқыма» деген кітабына сілтеме беріп жариялаған Ғ.Қабышев)
|
Қайым-Мұнар Табеев
Abai.kz