Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3695 0 пікір 2 Қыркүйек, 2010 сағат 04:32

ТІЛДІ ДАМЫТУ - «ПЕСТИБӘЛИТ» ЕТУ ЕМЕС!

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастау алатын Қазақстандағы «Тілдер пестибәлі» деген ауру ХХІ ғасырдың алғашқы ондығын да жұтатын түрі бар. Ең жаманы - оның гөй-гөй ретінде тілімізді жұтатыны батады. Басы мен аяғы жоқ, мақсаты мен міндеті беймәлім, нәтижесі нәрсіз, мазмұны мардымсыз, түрі жұтаң, шарасы жасанды, даңғаза да желбуаз бұл шара биыл да өз «мәресіне» жетті. Бірақ одан қай тілге қандай пайда, бір тілдің «пестибәлі» ме, әлде қай тілдің фестивәлі екенін ажыратудан қалдық: атауы көпше, арнауы - мемлекеттік тіл. Ендеше неге «Тілдердің» орнына «Тіл пестибәлі» демеске?! Жыл сайын ауылдағы қазақы ортадан шыққан қазақ еместер мен ұйымдастырушыларға жылы ұшырағандардың азды-көпті ұсақ-түйек «бриздеткені» болмаса, ой мен көңілде не қалды? Білмедік. Жыл сайын жауыр болған аудармашылар бәйгесі не беруде? Жеңімпаздар дегеніміз кімдер, орыс тіліндегі құжаттарды қазақшаға аударумен көз майын тауысқан, орыстілділердің қолжаулығы болудан арыға бармай, жігерлері құм болғандар мен лауазымдары өспей, құқықтары бұзылғандар ма, әлде мемтілді дамытушылар ма? Ең болмаса, ілеспе аудармасы бар бір мемлекеттік орган екі тілге бірдей ерік беріп отырғаны неге аталмайды? Жоқ болса, неге дабыл көтерілмейді? Әлде бұл аудармашылар аударма-құжатты архивке қалдыру арқылы болашақ қазақ тілінің құлыптасын жасақтау үстінде ме?!

Ау, қазақ тілінің өзге шет тілдерімен қоян-қолтық араласуы қашан басталады? Қашан қазақша-ағылшынша, қазақша-қытайша, қазақша-арапша ілеспе аударма пайда болып, сорлы тілдің маңдайы қашан ашылады? Қазақ тілі мен өзге тілдер арасында жанды көпір қашан пайда болады? Осыны «пестибәлит» етушілер неге түсінбейді? Неге аталмыш тілдер бойынша тілмаштар жарысқа түспейді?

Құрметті пестибәлшілер! Осы көркемсөз оқудың мемлекеттік тілді дамытуға қандай қатысы бар? Айтыңдаршы? Ал, қазақтілді орыс Мұқағалидың не Мұхтар Шахановтың бір өлеңін жатқа соқты, біз қол соқтық, «бриз» бердік. Одан кімге, қандай мүйіз шықты? Осы гөй-гөй жылда қайталанғанымен, мүйізді бір пендені таппай-ақ сорладық емес пе?! Кешірерсіздер, бұл - тіл дамытудағы кембағалдық! Басты мақсаттан ауытқып, өзімізді өзіміз алдаусырату! Әйтпесе, пілдей Тіл басқармалары мен Тіл комитеті қоғамдық ұйымдардың шаруасымен бұлайша айналыспаған болар еді! Мына «пестибәл» үкіметтік емес ұйымдардың болмаса казак секілді «әскери ойыншылар» араласқан ассамблея деген «орталықтардың» шаруасы. Өйткені, бұл «пестибәл» ешбір мемлекеттік міндетті атқарып жүрген жоқ, тіпті, бұл мемлекеттік шара да емес! Бұдан қоғамдық келісім де туып отырған жоқ, әншейін сайқымазақ екенін бәрі де, бәріміз де білеміз! Оның есесіне бұл шара аясында тілдің сапасының да, санының да артқанын білмейміз. Ең болмаса, сондай қорытындылар жария етілсе, бір сәрі. Сондықтан да грант беріп, қоғамдық бірлестіктер мен түрлі қоғамдық ұйымдарға осындай гөй-гөйлерді ұйымдастыртып, өздерің тыңғылықты да байсалды шаруамен айналысқандарың мемлекеттік органдар мен мекемелерге жарасады! Немене сендерге «үздік аудармашы», «үздік кондуктор» аталатын ермектен басқа іс қалмады ма?!

Мысалы, мониторинг жасап, әрбір департаменттегі қызметкерлердің тілдік әлеуетін анықтап жария етіңдер: үш тіл саясаты бойынша қанша адам қанша тілді қандай деңгейде біледі екен! Бәлкім, сонда бір қызыққа кенелерміз!Болмаса, сендер ұйымдастырып жүрген сабаққа барлығы қанша сағат қай ұйымның қызметкері қатысты, соны жария етіңдер, бәлкім, сонда қазақ тілін үйрену сабағын мемлекеттік қызметкерлер менсіне бастар. Ал, әзірге тіл мәселесі аталмыш гөй-гөйдің қалқасында қалып жатыр. Шұбатылған «дөп-дөңгелек үстелдер» мен семинарлар ақшаның соры болмай, діттеген жерге тиетін тиім болса, қанеки!!!

С.Мешітбайқызы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308