Төлебилік диқандар тегіс өнім жинады
Төлеби ауданында бидай орағы аяқталды. Биылғы өнім мол болып, шаруалардың көңілі жай тапты. Былтыр 2015 жылы 19071 гектар жерге дәнді-дақыл егіп, гектарына 24,1 центнерден өнім алған диқандар, биылғы түсімділікті гектарына орта есеппен 27 центнерге жеткізді.
Егіс алқабы 20613 гектар, оның ішінде 13369-ы бидай, 7244-і арпа. Бидай, арпалар толығымен орылып, қамбаға құйылды. Барлығы 55591,8 тонна өнім жиналды. Бидай 37471,3 тонна. Арпа 18120,5 тонна шықты. Биылғы түсімнің молдығын шарулар жауын-шашынның көп түсуімен және субсидияланған тыңайтқыштың жеткілікті болуымен түсіндіреді.
75 комбайн, 153 жүк автөкөліктері жұмылдырылып, дәнді-дақылдар ысырапсыз жинап алынды. Арзандатылған жанар-жағар маймен толықтай қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, Ай маңдай кетпені күнге жарқыраған диқанның, ерте көктемнен ала жаздай бір тыным таппай «көктемнің бір күні жылға азық» дегенді өз басынан өткерген шаруаның еңбегінің рахатын көретін кезі қоңыр күз. Төлебидің ауылшаруашылық қызметкерлері биылғы жылды жақсы қорытындылады.
Қай уақытта болмасын, аудан еңбеккерлері күз айында егін жиып-теріп, малдың азығын жинап болған сәтте бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, Төлебидің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Алтын күз» мерекесін салтанатты түрде атап өтеді.
Abai.kz