Оңтүстік Қазақстанда 80-нен астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Оңтүстік Қазақстанда 80-нен астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы «strategy2050.kz» порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін, ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі күнге Оңтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда.
Олар мемлекеттік даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы, 30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14 машина-тракторлық станциясы құрылған. (МТС)
МТС-тер құрамында 108 доңғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.
Abai.kz