Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 7121 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 11:02

БІР ПАТШАНЫҢ ТYСІ

Жинаған білігінен бақыры көп,

Желкеуде, ұраны көп, ақылы жоқ.

Бір патша түс көріпті,

Жан-жағында

Жағымпаз жәдігөйі, қатыны көп:

 

Жер-көкті тітіретіп көптің үні,

«Әй, тексіз, тақтан түс!» - деп сөкті мұны.

Әп-сәтте ғайып бопты, ойхой, дүние-ай,

Мереке, той-думансыз жоқ-ты күні.

 

Сайрайтын «Сіз – Құдай!» деп құтты күні

Құлдары неге бүгін  бүйтті мұны?

«Адамға ит – дос» деуші ед,

Қасында еш

Қалмапты бір итақай иттің құлы.

 

Қалмапты тоналмаған жинақ банкі,

Жүрген-ау қорыққаннан сыйлап халқы.

Былтырғы мұздан салған қалашықтай

Бір күнде аппақ орда қирап қалды.

 

...Апыр-ай, мынау қандай тасқын еді

Қалың қол күнбатыстан асты бері,

Аузы түк, бір көккөздің құшағында

Сыңқылдап күліп жатыр нақсүйері.

 

Аузымен орақ орып, жасын құшқан

Басын да кесіп апты басым дұшпан.

«Мұздай су құйсам да енді ем болмас» - деп,

Мұздай боп жымияды қатын дұшпан.

 

Түсірген елден ұрлап түсім жайлы

Ойласа ірітіп тұр ішін қайғы.

Үкілеп өзі өсірген үш тал гүлі

Жылан боп бұған қарап ысылдайды.

 

Тірлікте тигенменен төр биігі

Ауыр ғой соңғы сәттің шер-күйігі,

Білмей тұр: дос көме ме, қас көме ме?

Дүнияда сол екен-ау ең қиыны.

 

Қоршап тұр өзі өлтірген марқұмдары,

Бұл байғұс дір-дір қақты, қалтылдады.

Шыңырауға құлап сол сәт бара жатты

Ойылып ортасынан алтын тағы.

 

Оянды. Елемейді түстерін көп,

Ойлайды жегені мен ішкенін тек.

Тағы да ұран салды,

Ойламастан

Сол түсім шын боп шықса қайтемін деп.

17-18 ақпан, 2005 жыл.

Мырзан Кенжебай

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5272