Жұма, 22 Қараша 2024
4404 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 18:12

Ахметжан Есімов: «ЭКСПО-2017» көрмесі дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жұмыс істеді

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылысына 50 мыңнан астам жұмысшы тартылған. Құрылысқа 322 отандық тауар өндірушінің өнімі пайдаланылды. Жалпы жоба дағдарысқа қарсы бағдарламалардың бірі ретінде жұмыс істеген. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Бұл туралы «Baq.kz» сайты хабарлайды. 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жобасы дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жұмыс істеді. Біз барлық өңірдегі отандық тауар өндірушілермен тығыз байланыс орнаттық. Нәтижесінде 322 отандық тауар өндірушімен 48,9 млрд теңге көлемінде меморандумға қол қойдық. Осылайша, 50 мың азаматты жұмыспен қамтыдық. Қыркүйек және қазан айларында құрылыс алаңдарында 14 мыңнан астам жұмысшы еңбек етті. Қазіргі таңда құрылыс жұмысының аяқталып жатқандығына байланысты 7 500 құрылысшы жұмыс істеуде», - деді ол.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов аталмыш жоба аясында 1 млн шаршы метр көлемінде ғимараттар салынғандығын атап өтті.

«Біз «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтарына арналған тұрғын үйлердің құрылысын бітірдік. 324 пәтерді пайдалануға бердік. 1374 пәтерге шетелдік қонақтардан өтініш түсті. Оларға бұл орындар тегін берілмейді. Шетелдік қонақтар жал ақысын төлейтін болады. Бұдан басқа инвесторлар салып жатқан 4 400 пәтер есебінен елордада тұрғын үй қорының көлемі ұлғаяды. Біз 1 млн шаршы мерт болатын ғимараттар салдық. Мұның барлығы 74 гектар аумақты алып жатыр», - деді басшы.

Сөз соңында төраға халықаралық жобаға инвестициялық және демеушілердің қаржысы тартылғандығын мәлімдеді.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне демеушілердің есебінен 126 млн еуро қаржы тарттық. Сондай-ақ, жобаға 211 млрд теңге көлемінде инвестициялық қаржы бөлінді», - деп түйіндеді сөзін А.Есімов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321