Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2783 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 15:14

"Агро-Азия" ЖШС-ныӊ өнімі Иран, Қытай елдеріне экспортталатын болады

"Агро-Азия" ЖШС-ныӊ өнімі Иран, Қытай елдеріне экспортталатын болады- деп хабарлайды Абай-ақпарат Отырар ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

"Индустрияландыру" акциясы аясында Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданыныӊ Темір ауыл округінде биыл "Агро-Азия" ЖШС-ныӊ жүгері өӊдеу, құрама жем шығару кәсіпорыны іске қосылған болатын. Бұл кешенніӊ ашылуы ауданда жүгері кластерін дамытуға негіз болмақ.

Бұрындары дихандар жинаған өнімдерін ұтымды бағаға сата алмай, жауын астында қалып, кептіре алмай, ала жаздай еткен еӊбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына және тиімді бағаға өткізу мүмкіндік туып тұр. Көптеген шаруалардыӊ келесі жылы егіс көлемін ұлғайтуына мүмкіндік бар.


Пайдалануға берілген кешенніӊ жалпы жоба құны 619 млн теӊгені құрайды. 5 га жерді алып жатқан кәсіпорында 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сыйымдылығы 10 мыӊ тонналық кешенде болашақта 17 түрлі өнім шығарып, Иран, Қытай елдеріне экспортталатын болады.

Ауданда сондай-ақ, "Отырар Сүт-Ет" СТК бар. Көкмардан ауылында орналасқан өндірістік кооператив сапалы ет пен сүттен бөлек, еліміздіӊ ірі қалаларын "Маяқұм" шұбатымен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде кооперативте 700-ге жуық түйе, 88 бас сиыр бар. Тәуліктік қуаттылығы - 1,25 тонна шұбат, 900 литр сүт өндіреді. Кооперативке 67 шаруа қожалық мүше. Болашақта ет пен сүтті тереӊ өӊдеуді жоспарлап отыр. Өндірілген өнімдер 6 облыс пен Алматы, Астана қалаларына жеткізіліп, тұрғындарға ұсынылуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499