Жаңа технология мақта өнімін жинауды жеңілдетеді
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына қарасты "Нұралыжол-Ж" шаруа қожалығының иесі Ералиев Ербол 191 га жерге мақта дақылын егіп, жалпы 860 тонна өнім алып, орташа өнімділікті 45 ц/га құрап, мол жетістікке жетістікке жеткен, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. "Мол өнім алуға жаңа технологияларды пайдалану ерекше көмек көрсетті" дейді мамандар.
Оңтүстіктегі шаруалардың бір ерекшелігі олар қашан да жаңа технологияға бейімделуге, жерді игеру кезінде тиімді жаңа техникаларды іске қосуға бір сөзбен айтқанда жаңашылдыққа епті келеді. Осы орайда айта кетер жайт Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінгі таңда еліміздегі мақта егілетін бірден бір облыс. Олар мақта егу кезінде де жер жыртудың үйреншікті әдісінен бас тартып жаңа технологиямен өнім алуды мақсат етті. Есесіне мақта шитін терең қопсыту технологиясын меңгеріп, өңделген егіс алқаптарын пайдалануға ден қойды.
Бұл әдіс жер қыртысында жылдар бойы пайда болған шөгінді тұздар мен зиянды заттардың қабатын жойып, өсімдік тамырының еркін жайылуына мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ соңғы жылдары тұқым егумен қатар арам шөптер мен зиянкестерге қарсы күрес шараларында да жаңашылдық бар. Жаңа технология бойынша тырманың тісі жердің қыртысын 60-70 сантиметр тереңдікке дейін қопсытады.
Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына қарасты "Нұралыжол-Ж" шаруа қожалығының иесі Ералиев Ербол 191 га жерге мақта дақылын егіп, жалпы 860 тонна өнім алып, орташа өнімділікті 45 ц/га құрап мол жетістікке жетіп отыр. Айта кетер жайт жаңа технологияны серік еткен шаруалар жерге соқа салмайды. Тек қопсытуға аз ғана шығын жұмсайды. Шаруалар мұндай әдіс мақтадан мол өнім жинауға негіз болады деп отыр. Алдағы уақытта жердің игілігін көру бағытында мұндай жаңа технологиялар көбірек енгізіледі деп күтілуде.
Абай-ақпарат