Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2055 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 12:13

ОҚО: Сайрам шаруаларының табысы артты

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданы бойынша жыл қортындысына қарағанда, Ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 44,6 млрд теңгені құрап, 3,8 пайызға артқан. Желтоқсан айындағы мәлеметтерге сүйенсек, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 226,5 мың теңгеге жетіп, тартылған инвестиция көлемі 10,6 млрд теңгеге жеткен.

Аудандағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарда 6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102% құраған. Есепті кезеңде «Golden Nomad» брендімен ерлер киімін шығаратын кәсіпорында қосымша 29 жұмыс орны ашылды.

Одан бөлек «Stratus oil» ЖШС мұнай сақтау және өңдеу кешенінің бірінші кезеңін іске асырып 35 жұмыс орны ашты. Жалпы, аудан көлемінде индустрияландыру картасына инвестиция көлемі 4 млрд 825 млн теңгелік 8 жоба енген, оның 7 жобасы іске қосылып, өнім өндірудеілді. Аудандағы 15006 шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінде 23962 адам жұмыс атқарып, биылдың 6 айында 24,2 млрд теңгенің өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 9,4 млрд теңгені құрап, былтырдың 6 айымен салыстырғанда 184 млн теңгеге артып отыр, нақты көлем индексі 102% құрады.

Есепті кезеңде 48,4 мың га егістік жер игеріліп, жоспар 112,3% орындалған. Тамшылатып суару әдісі 132 га ендіріліп, меже 22 пайызға орындалған. Жылыжай көлемі 3,2 га артып, жалпы көлемі 13,8 га жеткен.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 айда 292 бас мал алынып, тапсырма 194,0% орындалған.

Одан бөлек ауданда сыйымдылығы 1500 басқа арналған 18 тауарлы сүт фермасы бар. 181 мал бордақылау алаңы ашылған. Бүгінгі таңда сүтті 7380 бас, етті 896 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылып, жылдық тапсырма 48,3 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 млрд теңгені құрап, өсім 1,8 есеге артты, 9641 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

Білім беру саласында 2 білім беру нысандарының құрылысына 364,2 млн теңге қаралып, Қарабұлақ ауылындағы 900 орынды және Манкент ауылындағы 600 орынды Рашидов атындағы орта мектептері салынып, пайдалануға тапсырылды.

Бұдан бөлек ұлттық қордан 3 мектептің құрылысына барлығы 850 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда 2 мектепте құрылыс жүруде. Ал аудандық бюджет есебінен 2 білім беру нысанының құрылысына 346,2 млн теңге қаралып, оның ішінде Машат атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы аяқталып, мамыр айында пайдалануға тапсырылды. Ал Тлендиев атындағы орта мектеп құрылысының мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпазы анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499