Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2734 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 23:17

Тұзданған топырақты мүмкiндiгiнше сауықтыру арқылы қайта айналымға қосу жұмыстары қолға алынады

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында топырақтың құнарлылығын арттыру, өнiмдiлiктi еселеу және тұзданған топырақты мүмкiндiгiнше сауықтыру арқылы қайта айналымға қосу жұмыстары қолға алынып келедi, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Кеңестiк кезеңде 20 мың гектар алқапқа жүгерi егiп, одан 50 мың тонна дән өткiзген топырағы құнарлы аудан рекордтық көрсеткiштерге де қол жеткiзген болатын. Алайда, өтпелi кезеңде жүгерi қабылдау орындарының (цех, зауыт) iстен шығуы, гидротехникалық құрылымдардың (дрендердiң) тозығы жетiп жарамсыздануы, жерасты суының көтерiлiп, жердiң тұздануы ауыл шаруашылығы саласының дамуына керi әсерiн тигiздi. Шәуiлдiр суландыру алқабындағы 12 мың гектар суармалы жердiң жер асты суы деңгейiн төмендетiп, тұзды суды сыртқа шығаруды қамтамасыз ететiн, ұзындығы 368 шақырымды құрайтын коллекторлы дренаж жүйесi 1976 жылы пайдалануға берiлген. Бұл жүйе Арыс өзенiнен бастау алатын Д.Алтынбеков каналының бойында 10 мың гектар суармалы жердегi тұзданған суларды жинақтап, ұзындығы 55 шақырымды құрайтын Шәуiлдiр бас коллекторы арқылы «Тамдыөзек» сайына, одан әрi Сырдария өзенiне құятын етiп жобаланған.

Екiншi сала Көкмардан каналының бойындағы 2 мың гектар суармалы жердiң жерасты суын төмендететiн дрендер жүйесi ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Көкмардан коллекторы арқылы Арыс өзенiне тасталатын етiп жасалған. Алайда, соңғы 30-40 жыл көлемiнде жөндеу жұмыстары жүргiзiлмей, жүйе толықтай iстен шыққан. Осының салдарынан егiстiктiң өнiмдiлiгiне керi әсерiн тигiзiп, алқаптағы 5000 гектар суармалы жер тұзданудың салдарынан айналымнан шығып, егiс егуге жарамсыз күйге түскен.

Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiне хат жолданған еді. Қазiргi уақытта Исламдық және Еуропалық даму банктерiнен қаржыландыру бағытында тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Сонымен қатар, биыл 12 каналды ағымдағы және 1 каналды күрделi жөндеуге облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлiнiп, жұмыстар атқарылуда. Шаруалардың анық көз жеткiзгенi ол – ауыл шаруашылығы саласында ғылыми жетiстiктер өте қажет. Ғылыми жаңалықтар зертханаларда қалып қоймай, iс жүзiнде жүзеге асып жатса, мұнан ғалымдардың да, шаруалардың да ұтары мол болмақ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522