Шардарада ауданында 11 298 га алқапқан мақта терілді
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардарада ауданында 11 298 га алқапқа мақта дақылы терілді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша мақта егумен айналысатын жалғыз облыс болса, соның ішінде Шардара ауданының мақта шаруашылығына қосар үлесі зор.
2016 жылдың желтоқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, Шардара ауданы бойынша барлық терімге түсетін жер көлемі 11298 гектарға жеткен. Көксу, Ұзыната және Алатау батыр ауылдық округтерінде мақта терімі жыл сайын қарқынды түрде жүргізіледі. Терімге түсетін жердің 1790 гектары дефоляциядан өткізіліп, мақтаны машинамен теруге алдын ала дайындалған. Мақта теріміне қатысады деп есепке алынған ауыл шаруашылығы техникалары да алдын ала толығымен тексеруден өткізіліп, мақта терімі үлкен жауапкершілікпен жүргізілді. Жыл өткен сайын бұл өңірде алынатын мақтаның көлемі артып келе жатқаны байқалады. Аудан көлемінде 24 мақта қабылдау пункттерінің жан – жақты дайындық жұмыстары тексеріліп (таразы, зертхана,) қабылдау жұмыстарын жүргізуге де толығымен алдын ала дайындалған. Осындай дайындық жұмыстарының арқасында биыл бұл өңір мақта терімін абыроймен аяқтаған.
Айта кетер жайт, «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында Шардара ауданы бойынша биыл 11 298 га егістікке шитті мақта себілген. Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлдың айтуынша, ауданда жалпы 64 мың га суармалы жер бар. Бүгінгі таңда 11 298 га алқапқа мақта дақылы егілген болса алдағы уақытта оның көлемін еселей түсу жоспарланып отыр. Жалпы жылдағыдан қарағанда мақта бағасы биыл әлдеқайда жоғары болған, 1 кг мақтаның құны 146 теңге болып белгіленген. Мақтаның түсімділігі бірінші терімде 20-25 центнерден айналды.
Абай-ақпарат