Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4785 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:26

Төрт түлігімен мерейлі Созақ

ОҚО - халқы тығыз орналасқан аймақ. Облыс халқының саны жа ай сайын өсу үстінде. Мәселен, Созақ ауданында 2000 жылы 49 мың тұрғын болса, қазір 61455-ке жетті. Созақтың табиғаты мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Климаты осыған лайық, жері шөлейт. Егіс аз. Барлық егістік көлемі 13 мың ғана гектар. Оның суармалысы 5 мың гектар. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда уақ малдың өзі 500 мыңға жеткен. 1995-96 жылдары мал саны үш есеге дейін төмендеп, соңғы 4-5 жылдан бері мал басы орта есеппен 2 пайыз көлемінде өсумен келеді. Қазір ауданда 260 мыңға жуық уақ мал, 27 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 10 мың түйе, 12 мың жылқы бар. Ауданның жер көлемі 4 миллиард гектар болса, соның 3,5 миллионы жайылым есептеледі. 778 шаруа қожалықтарының пайдаланып отырған жерлері 950 мыңдай гектарды құрайды. Бұл жайылымның Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы бойынша 30 пайызын ғана пайдаланып отырғанын көрсетеді.

Аудан биылғы жылы  Біріккен Араб Әмірліктеріне 2600 бас малды экспорттады. Қазір тағы келіссөздер жүргізілуде. Сұраныс әлі де бар. Мал сатумен айналысатын азаматтарды шаруалармен кездестіріп, жоспар жасалған. Арабтар тарапынан қабырғасына аз май жинайтын қаракөлге сұраныс көп болады. Ал салмағы 30 келіден асатын семіз малға мүлдем қызығушылық жоқ. Келешекте Созақ  ауданында малды сойып, сойылған малдың етін алып кететін жағдай қарастырылған. Кезінде Таукентте «Қазатомпром» АҚ-дан қалған ет комбинаты болатын. 2013 жылғы қатты жел сол комбинатты жарамсыз етіп тастаған. Сол ғимаратты алдағы жылы мал экспорттап жүрген жігіттер сатып алып, қалпына келтірмек. Ол үшін 50 миллион теңге шамасында қаражат қажет екен. Елбасы БАӘ еліне барып, арабтармен келіссөздер жүргізген болатын. ОҚО жұртшылығын қуантып отырғаны — Қазақстан айына 7000 басқа дейін мал экспорттау келісіміне қол жеткізілді. Соның көбі  Оңтүстік Қазақстан облысында. Соның ішінде Созақ ауданында экспортталмақ. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1493
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3262
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5587