Жексенбі, 24 Қараша 2024
Судың да сұрауы бар... 3941 0 пікір 19 Желтоқсан, 2016 сағат 09:03

ОН ЖЕТІНІҢ ҚҰДІРЕТІ МЕН ҚҰПИЯСЫ

Биылғы Мешін жылының соңғы парақтары жыртылып жатыр. Теледидер, радио, газетті қарасаңыз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап қазекең малақайын аспанға атып, «жыртылып» жатыр. Биыл  бәріміз маймылға айналып кете жаздап, әуіпіріммен тоқтадық. Келесі жылдың иесі – Қызыл қораз. Қасында отты Қызыл қораз деген қорқынышты айдары бар. Әркім сан саққа жүгіртіп, сәуегейлік танытуда.  Осы 17-санының сырына үңіліп көрейікші.

Тәуелсіз Қазақстан республикасының халқы тамыздың 1-індегі санақ бойынша 17 миллионнан асты. Республика  ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық үстінде. АҚШ қазанның 17-сінде құздан құлауға сәл -ақ қалып,  17 триллион доллар қарызының мөлшерін шектеді. Америкада 17 жыл бұрын осындай жағдай болған еді.  Қазақта 17 жігіттің мектеп бітіріп, ес  жиып, етек жеңін түріп, оң солын танып, ел үшін жұмысқа жегілетін шағы.

Енді осы 17 санының құпиясына келелік. Он жеті саны Күн ( 1 ) мен Кету планетасының (7) санынан тұрады. Күн мен Кету бір біріне қарсы, жау, ішкі қарсылықты білдіреді. Осы санның ішіндегі (8) Сатурн арқылы адамның рухани дүниесін байытады.  Яғни, 17 саны күрес, қиындық, кедергілерден тұрады. Ішкі қиындық пен кедергілерді жеңу үшін сарабдал ақыл, салқынқанды пайым парасат, махаббат, рухани кемеңгерлік қажет екен.

Жұлдыз жорамалшылардың айтуынша, бұл күні туған адамдар елден ерек, батыр, рухани әлемі тұрақты болады. екен. Олар өздерін қиындықтарға қайыспай қарсы тұра алатын қажырлылыққа бала жасынан бейімдейтін көрінеді. Өсе келе өзінің ішкі рухани тұрақтылығы мен салқынқандылығымен айналасына тыныштық сыйлайды. Қажет еткендерге қамқорлық жасап, өзі өлген соң да артында тарихта өшпес із қалдырады.    Сондай-ақ, 17 саны Шолпан жұлдызы шексіздіктің, бейбітшілік пен махабаттың символы.  Мұндай санды меңгерген жан адамзаттың рухани дүниесіндегі қол жетпес биікке көтеріліп, қарапайым пенденің түсіне кірмеген кедергілер мен қиындықтарды жеңе алады.

Ендеше, күні кеше ғана бүкіл әлем демін ішіне тартып күткен қазанның 17-сі мұсылман бауырымыз қарадан шығып хан болған Барак Обаманың тарихи жеңісімен аяқталды. Конгрестің республикашыл, қорғаныс зауыттарының «көкелері» елдің апатты жағдайда тұрғандығынан халықтық төңкеріске жеткізетін ереуіліне ұласып,  көтеріліп кетуінен жасқанып, тәбеттерін шектеді.

    2007 жылы әлемдік қаржылық дағдарыс жаңа басталған кезде Астанаға ат басын тіреген Иран Ислам республикасының президенті  Махмуд  Ахмединижад Еуразия университетінде оқыған лекциясында қолын жоғарыға қарата шошайтып: «Бұл - әлемдік қаржы дағдарысы емес. Бұл -әлемдік рухани дағдарыс. Мұны адамзаттың осыған дейінгі ілім -білімін, өмір сүру пәлсапасын түсінген адамдар ғана жеңе  алады»,- деген болатын.

Бұл жерде жалпы қазақ халқының даналардан қалған аңыздар мен ертегілері, мәйекті  сөздері, тыйымдарының барлығы да философияға құрылғандығын көресіз. Ішкі тұрақтылығының сыртқы әсерін де пайымдауға парасатының жететіндігін көреміз. Обал, сауапты, ырыс-құтты   білген халық өлім туралы «Ажалы келмесе, шыбын да өлмейді» десе,  «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп ескертеді. Нысап туралы  «Тарта жесе, тай қалады» деген. Алтынмен апталып, күміспен күптелген небір байлар да о дүниелік болған. Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның үстіндегі сауытының тарының қауызындай ғана өрнектерінің ішіне иненің көзіндей етіп зерлеу 12 ғасырдың өзінде сақтардың үлкен өркениетте өмір сүргендігін растайды. Ресейлік және қазақстандық ғалымдар сол алтынның 98,6 пайыздық саф алтын екендігін мойындап, таңдайларын қағып, бастарын шайқап отыр. Әбдеш Тәшкенұлы бастаған археологтар Шілікті қорғанындағы алтынмен апталып, күміспен күптелген патшалар мен аттарының үстіндегі алтын әбзелдерін қарақшылық тонауды 17 ғасырда қара ниетті археологтардың бастағандығын айтады.    

Бүгінгі таңда адамзаттың рухани әлемінде әзәзіл мен періштенің тайталасты жағдайы қалыптасып отыр. Діннің жолында жүргендердің арасында да рухани дүниесінің таяздығынан жымысқы пиғылды  көздегендердің тұзағына түсіп, қолшоқпарына айналып кеткендері де баршылық.

Осы жерде тағы да 17 санының құпиясына қайта оралайық.  Бұл күні туғандарға ғана емес, жалпы адамзатқа қатысты зодиакалдық жұлдыз жорамалшыларды мына жайды баяндайды. Бұл күн болашақтың ісіне қатысты болса, онда жер бетінде екі түрлі құбылыс пайда болады. Адамзаттың бір бөлігі  аңдардан, жан-жануарлардан  және адамдардан рухани дем беріліп, жоғары рухани сатыға көтеріледі. Екіншілері, адамдардан, аңдардан жан-жануарлық, жыртқыштық инстинктіге беріліп, төмен қарай рухи құзға құлайды. Одан да төменге түседі. Яғни, ішімдіктің соңына түсіп, есірткіге елтиді. Ақшаның соңына түседі. Сол туған анасын өлтіруге барады. Өмір бір күндік деп есептеп, бейәдепке беймарал берілуға құштарлығы артады. 

 Егер сіз, ішкі рухани дүниеңіздің  түйсігіне құлақ салып, жар басында тұрғаныңызды сезіне алсаңыз, әлемді Жоғары тылсым күштің басқарып тұрғандығын аңғарсаңыз, рухани дұрыс жолға түсе аласыз. Рухи жеңіс адамзатты қиындықтан құтқарады. Әлемдегі Ұлы адамдардың барлығы да өмірінің соңында тепе -теңдікті сақтаушы Ұлы Жаратушының бар екендігін пайымдаған. Эйнштейн: «Мен ешкім де емеспін. Маған жоғарыдан аян беріледі», деген. Әлемдік мұхиттардың түбінен маржан терген франсуздың бірінші нөмерлі данышпаны Кусто да өмірінің соңында мұсылман дінін қабылдады.

    Кешегі съезд соңында Елбасының да «вижу признаков смутных  времен» деп салып, одан жұртты сақтандыруы жайдан жай емес. Мәселен, Ресейде аса қатты қиыншылықты кезең 17- ғасырда өткен. 1613 жылы басталған. Қазіргі таңда да Ресей қанша жасырғанымен терең әлеуметтік - экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Гейлерді заңдастыруға байланысты болса керек, Еуропалық  журнал Франция президенті Олланд пен Ресей президентінің  жыныстық қатынас жасап тұрғандығын  фотоколлаж жасап, жарқыратып шығарды.  Бұл тым шектен шығушылық! Ешқандай әдеп аясына сыймайтын, азғындықтың көрінісі!

  Қазақстанда түрлі арсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында Елбасы қазанның 17-сінде «А» корпусындағы ағатайлардың басын қосып, өздерінің және де сол өздері тәрбиелеген «Б» корпусындағы  бауырларының да тәбетін шектеп, енді елге жұмыс жасаулары қажеттігін қатаң ескертті. Өйткені, халық ел байлығын ат төбеліндей ағатайлардың үріп ішіп, кертіп жеп отырған  астамшылығын  көріп отыр. Жиырма бес жыл шыдады. «Тоятын шығар. Тойса, ағайынға қарасатын болар» деп ойлады.

Шыдамның да шегі бар. Мұны Елбасы дер кезінде байқады. Сол жиындағы  ашық әңгіме Ақ ордада қазанның 17 күні 17 сағатта басталып, бар жоғы 17 минутқа созылды.

АҚШ-та көпшілік дауыспен Трамп президент болды. Бірақ ол-Мешін жылындағы сайқымазақ саяси ойындардың жемісі. Бірақ, ойнап болса да ойындағыны  айта алатын  саясаткерден әлем үміт күтулі. Бұрын жанған отқа шібилер мен мекиендерін жұмсайтын Қызыл қораздардың  қырғын жекпе-жегінің жылы болмаса екен?! Құдай оның бетін әрі қылсын! Жақсылық күтейік! Жаңа жыл елімізге құт-береке әкелсін!

Ескендір Ертай, Астана

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592