Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2561 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 16:56

Теріскейде мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы да біршама дамитын болады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жері шөлейт аудан – Созақтың малының еті айрықша дәмді болып келеді. Осыны орынды байқаған арабтар мұнда жиі келіп, мал өнімдеріне «құда» түсуді бастап жіберді. Айталық, биылдың өзінде, дәлірек айтқанда қыркүйек айынан бері Эмиратқа 2600 бас мал экспортталыпты. Аудан басшысы Мақсат Исаевитың айтуынша қазір тағы келіссөздер жүргізілуде екен. Демек, сұраныс әлі де бар деген сөз. «Осы бастаманы әрі қарай дамыту үшін мал сатумен айналысатын азаматтарды шаруалармен кездестіріп, жоспар жасадық. Арабтар тарапынан қабырғасына аз май жинайтын қаракөлге сұраныс көп болады. Ал, салмағы 30 келіден асатын семіз малға мүлдем қызығушылық танытпайды.

Келешекте ауданда малды сойып, мұздатып алып кететін жағдай қарастырудамыз. Кезінде Таукентте «Қазатомпром» АҚ-дан қалған ет комбинаты болатын. 2013 жылғы қатты жел сол комбинатты жарамсыз етіп тастаған. Сол ғимаратты мал экспорттап жүрген жігіттер сатып алып, қалпына келтірмек. Ол үшін 50 миллион теңге шамасында қаражат қажет екен. Елбасы Эмиратқа барып, арабтармен келіссөздер жүргізді. Бізді қуантып отырғаны – Қазақстан айына 7000 басқа дейін мал экспорттау келісіміне қол жеткізілді. Елбасымыз жол ашып берді, енді сол мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек. Оларға Созақ малының еті қатты ұнапты. Енді түйе аламыз деген ұсыныстары да бар екен», - дейді аудан әкімі.

Созақ ауданында егісті де ұлғайтуға жұмыс жасалып жатыр. Суармалы жерді ұлғайту мақсатында ирригациялық жүйелерді ретке келтіру жоспардағы бар дүние. Ауданда биыл 380 миллион теңгеге «Біресек» су қоймасының құрылысы аяқталып, балансқа қабылданыпты. Онда 2,2 миллион куб су жиналады. Осы қойманың арқасында 2018 жылы суармалы жердің көлемін 700 гектарға ұлғайтуға болады. Ауданда жалпы 12 су қоймасы бар. Бірақ, суармалы ретінде тұрған 2,5 мың гектар жер пайдаланылмайды. Оның мақсатын ауыстырып, 2018 жылға дейін 1,5 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарланған. Соның арқасында 5 мың гектар суармалы жерді 6,5-7 мың гектарға дейін жеткізу бағдарламасы түзілген. Төрт каналды сот шешімімен иесіз мүлік ретінде балансқа алып, ендщі екі каналды жөндеуге қаржы бөлінсе, тағы біраз жерді суландыру мүмкіндігі туады. Мұндай жағдайда теріскейде мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы да біршама дамитын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602