Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2199 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 16:43

Ауылшаруашылық: Шағын ғана жылыжайдың көлемі 1,12 гектар

Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту жөнінен республикада көш бастап тұр. Әсіресе, Сарыағаш ауданында бұл кәсіп түрі айрықша дамыған. Дегенмен, Ордабасы ауданында да жылыжайдан нәсіп іздеген шаруалар қатары артып келеді. Соның бірі - жеке кәсіпкер Сынабай Мейірбек өз қаражаты есебінен ұйымдастырған жылыжайдың көлемі 1,12 гектар. Оның 5 соттық жерінде көшет өндіріледі. Дәл қазір онда 30 мың көшет қондырылып, бапталуда екен. «Бұйыртса, 65 күннің ішінде көшет қондыруға, 120 күннің ішінде қызанақ пісіп, сатуға дайын болады» дейді жеке кәсіпкер. Ал, алдын егілген израилдік «Ламия» атты қызанақ өнім қазір беріп тұр. Өнім Алматы қаласына жөнелтілуде.

Көң, яғни тыңайтқыш - Ресейдің өнімі. Кәдімгі қураған жапырақты өңдеп бізге сатып жатыр. 50 келі тартатын бір қабы 5800 теңге тұрады, ол 700-750 көшетті тыңайтуға жетеді. Жазда мұның орнына малдың көңі пайдаланылады. Ресейлік тыңайтқыштың ерекшелігі – көшеттерді шірітпейді. Ал көңді жақсылап тазалау керек. Жылыжайда қазіргі кезде 12-13 адам жұмыс істейді екен. Жалақылары 60 мың теңгенің төңірегінде. Тамақтары тегін.

Жеке кәсіпкер жылыжай шаруашылығын дөңгелету үшін арнайы оқымағанын жасырмайды. Бұл шаруада оның бала кезден шаруаға бейімділігі, бау-бақша өсірумен айналысқандағы тәжірибесі көмектесіпті. «Адамда жұмыс істеуге деген ниет пен талап және еңбекқорлық болса жеткілікті» дейді кейіпкеріміз. Міне, осындай қасиеттерін әжетке жаратқан кәсіпкер өзінің ғана тұрмысың түзеп қоймай, тағы бірнеше отбасыға нәпақа тауып беріп отыр. Қала берді, жергілікті бюджетке де өз үлесін қосып отырған жайы бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613