Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 4490 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 15:58

"Ашық әкімдікті" өте сәтті жоба деп бағалады

Бюджет шығындарын қысқартудың ең тиімді жолы – кіріс-шығысты қатаң бақылау. Бұл бақылауды тек мемлекет қана, сонымен қатар халық та бақыласа іс нәтижелі болады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Осы себепті, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының бесінші бағытында халыққа есеп беретін мемлекет құру керектігін айтты. Осы арқылы мемлекеттік мекемелердің жұмысына халық та бақылау жасай алады.  Сонымен қатар, бұл бақылауларды күшейту әлі де басты назарда тұр. Айта кетерлік жайт, бұл бақылау жұмыстарының барлығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ашық әкімдік» жобасының аясында істелініп жатыр. Ал, «Ашық әкімдік» - «100 нақты қадамның» 94 қадамы «Ашық үкіметті» құру деп аталатын қадамына сәйкес жүзеге асты.

«Ашық әкімдік» жобасы аясында бүкіл мемлекеттік мекемелерге бақылау жасайтын «Smart Ontustik» бағдарламасы туралы облыс әкімнің бұрынғы орынбасары Сапарбек Тұяқбаев: «Әрине, мұндай бақылау ешкімге ұнамайды. Дегенмен, бұл бағдарламаны іске асыру арқылы көптеген көрсеткіштерге қол жеткіземіз. Бұл арқылы мекемелердің жұмысы мөлдір және нәтижелі болады. Әрбір қол қойылған құжат, бұл құжатқа не үшін қол қойғанын, шығарылған шешім, бәрі бақылауда болады. Осылайша, жауапкершілік бірінші орынға шығады. Бақылауда болған соң, мекемелер жұмыстарының сапасын арттырады. Егер кадрлар құрамын ауыстыру керек болса, ауыстырамыз. Бұл бағдарлама іске асқанда бұның жемісін халық та, мекеме де көреді. Өйткені, қызмет сапасы артады. «Ашық әкімдік» жобасы – өте сәтті жоба деп есептеймін.

Абай ақпарат

0 пікір