Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2675 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 14:00

Ардагер әйел-аналар ардақталды

Қызметті оңтайландыруға арналған «Ашық әкімдік» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында көптеген игі істер атқарылды, Көптеген мәселелер уақыт күттірмей, өз шешімін тапты. Шымкент қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болғандықтан, оның арқалар жүгі ауыр. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Облыс әкімінің нақты тапсырмасына сәйкес қала тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеп жүр.

Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Умаров осыған дейін қала әкімдігіне «Ашық әкімдік» қызметі шеңберінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналды қызмет ақысын төлеуі туралы сауал жолдап еді. Жақында тағы бір өзекті сауал жіберді.

Сұрақ:Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің туылған күндерін өздеріңізбен біргелікте, шама шарқымыз келгенше құттықтап жатырмыз. Дегенмен, ардагерлеріміздің 90, 95, 100 мерейлі туылған күндеріне қаламыздағы депутаттар мен кәсіпкерлер тарапынан тиісті қолдау көрсетілмей жатыр. Осы ардагер-қарияларымызға жомарт жанды азаматтар көңіл бөлсе дейміз.

Жауап:– «8 наурыз күні» - Шымкент қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қала аумағында тұратын 29 Ұлы Отан соғысына қатысқан әйел-аналарға мереке орай сыйлықтар табыс етілді. Ұлы отан соғысының Жеңістің 70 жылдығына орай 9 мамыр қарсаңында «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне» «Ерең еңбегі үшін медалмен марапатталған тыл ардагерлеріне» және жауынгер жесірлеріне 5 мамыр күні 500 ардагерге қала әкімінің қатысуымен салтанатты түрде мерекелік дастарханда және 800 ардагерге «Даңқ» мемориалдық гүл шоқтарын қою және еске алу және Әскери «Дала ботқасы» мерекелік іс-шараслары өтті. Демеушілер тарапынан 9 мамыр Жеңіс күніне орай ЖШС «Дигдар», Тіс протез жасауға «Мастер Дент» емханасы, «Арайлы» тігін фабриакасы сый –сияпаттар көрсетілді. Сонымен қатар, 15 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне демеушілік есебінен арнайы мерей тойларына ақшалай және заттай көмек көрсетілді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641