Кәсіпкерлік нысанға ат заң шеңберінде қойылу тиіс
Қазақстан уақытпен үндесе дамып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға негізделген «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарында Қазақстанды бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіргізу көзделген. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Міне, осы жерде экономика саласынан бөлек, ақпараттың ашық болуы да зор рөл ойнайды. Яғни, бәрі жария болатын демократиялы қоғамда әрбір азамат өз елінің дамуы үшін ой-пікірлерін, ұсыныстарын жеткізед алады. Осы мақсатта Президент тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылды. Аталған жоба аясында облыс тұрғындары онлайн түрде өз ұсыныстарын жолдап жатты. Жақында «Самал-1» ш/а, Мырзаев көшесі, №58 үйінің тұрғыны И.Әлсерке қала әкімдігінің реси веб сайтына көкейінде жүрген сұрақты жіберді.
Сұрақ: – Қаламыздағы сауда орындарына, қонақ үйлерге, әсіресе тойханаларға, басқа да қоғамдық орындарға аттарын міндетті түрде мемлекеттік тілде жазу қажет. Бүгінгі таңдағы жеке кәсіпкерлер тәртіптің жоқтығынан білгендерін істеп, орыс, ағылшын тілдерінде аттарын жазып, ұлттық мүддені ұмыт қалдыруда. Осы мәселені қолға алсаңыздар.
Жауап: – Шағын және орта кәсіпкерлерлік субъектілеріне әкімшілік тосқауылдарды азайту мақсатында құжаттарды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы қабылдап, заң талаптарына сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өткізеді. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер қазақ немесе өзге тілдерде атау қою туралы шешімді жеке-дара қабылдайды. Аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып атауын заңсыз қойған шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне рейдтік жұмыстар жүргізіліп келеді. ҚР Тіл туралы заңнамаларына қайшы орналасқан маңдайша, жарнамаларға, қала әкімдігінің қаулысымен әкімшілік айыппұл салу өкілеттілігі Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне берілді. Алдағы уақытта тілдері шұбарланып жазылған көрнекі ақпараттар иесіне айыппұл салынатын болады.
Абай ақпарат