Білім бөліміне маман қажет
Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Конкурс талаптарын әкімдіктің ресми сайты "Ашық әкімдік" жобасы аясында хабарлап отыр. Керекті мамандар: мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік: Функционалдық міндеттері: бөлімнің мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу; WEB порталға мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландырулар орналастыру; мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпаздарымен жұмыстарды атқаруға келісім-шарттарды түзу; заң талаптарына сәйкес электронды келісім шарттарды WEB-порталы арқылы рәсімдеу. Талаптар: заңгер, құқықтану, экономика, қаржы мамандықтары бойынша.
Сондай-ақ Шымкент қаласының білім бөлімі ұйымдастыру жұмыстары секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік бойынша маман іздейді. Функционалдық міндеттері:бөлімге қарасты бірінші басшыларды тағайындаудың конкурстық құжаттарын дайындау; жеке және негізгі құрамдағы, әкімшілік-шаруашылық бұйрықтарды тіркеп, жүргізу; кадрлық қызмет мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; мемлекеттік қызметшілер жөніндегі жұмыстар және олардың іс-қағаздарымен жұмыс жүргізу; бөлімге қарасты бірінші басшылардың және педагог кадрлардың аттестация жұмыстары; азаматтардың өтініштері мен кіріс-шығыс құжаттарының жүргізілуін бақылау; бөлімнің іс-номенклатурасымен жұмыс жүргізу; бөлім мұрағатымен жұмыс; бөлімдегі тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларының орындалуын, облыс, қала әкімі және бөлім басшысының хаттамаларындағы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету; нострификация заңдылығының орындалуын қадағалау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Абай ақпарат