Білікті маманға сұраныс жоғары
Шымкент қаласы әкімдігі "Ашық әкімдік" жобасы шеңберінде «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
Қажетті мамандардың бірі әкімшілік бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік: Функционалдық міндеттері: Шымкент қаласы әкімдігі мен әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; қала әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық қызметін ұйымдастыру; қаржылық, салықтық және басқа органдар алдында есеп берулерді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:экономикалық, қаржылық, менеджмент, техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық, заңгерлік, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.
Сондай-ақ әкімшілік бөлімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік бойынша маман қажет. Мемлекеттік қызметшінің функционалдық міндеттері: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік меншіктің заңды пайдаланылуын қадағалау; материалдық базалық заттарды жою, сату, есепте ұсталуын қадағалау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық, қаржылық, менеджмент, есеп және аудит мамандықтары бойынша. Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс.
Абай ақпарат