Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2133 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:27

Байланыс орталықтарына хабарласыңыз

«Ашық әкімдік» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары арнаулы орындарға, құзырлы мекемелерге, әкімдіктерге, басқармаларға, түрлі бөлімдерге талап-тілектерін, арыз-шағымдарын, ой-пікірлерін жеткізе алады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 «Ашық әкімдік» жобасы халық пен билік арасындағы кедергілерді, әкімдік тарапында кездесетін тосқауылдарды жоюға негізделген. Бұл жоба бойынша, тұрғындар әрбір мекеменің табалдырығын тоздырмай-ақ, онлайн режимде өз сауалдарын жібере алады. Тіпті, облыс әкімінің жеке блогына хат жазу арқылы тікелей шыға алады. Сонымен қатар, бұл жерде онлайн конференция арқылы сұрақ қойып, сенім телефондарына, байланыс орталықтарына да жүгіне алады. Осы арқылы, мәселеңізді шеше аласыз.

Жақында «Ашық әкімдік» шеңберінде инстаграм желісінде ОҚО әкімдігінің Ontustik_derek  парақшасы ашылды. Мұнда облыс тұрғындарының тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жол, жарық саласына қатысты сауалдар жолдап, одан нақты бір нәтиже алуға жағдай жасалған. Мұнда атқарылған жұмыстар туралы, шыққан нәтижелер жиі жарияланып тұрады.

Биыл 8 тамыз күні Облыстық транспорт, коммуналды шаруашылық және жер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына (тел. 39-55-55) Шымкент қаласының тұрғынынан шағым түскен болатын. Онда азамат Ш.Қалдаяқов көшесінің бойындағы өсіп кеткен ағаш бұтақтары кедергісін келтіріп жатқанын хабарлаған. Сондай-ақ, қала тұрғыны аталған мәселе сол маңдағы үй тұрғындарына қолайсыздық туғызып жатқандығын айтқан еді. Көп өтпей, Абай аудан әкімдігінің қадағалауымен "ЛТД Тұрмыс " ЖШС-нің мамандары тал бұтақтарын кесу жұмыстарымен айналысты. Нәтижесінде, кедергі жойылып, мәселе толықтай шешілді. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627