Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2383 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:36

Барлық қызмет бір жерде

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген тапсырмасына сәйкес Оңтүстіктен бастама алған «Ашық әкімдік» жобасы аясында бүгінде бірқатар құжаттарды алу жеңілдей түскені анық. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Оңтайландырылған құжаттардың көбісі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделетінін белгілі. Осы орайда Шымкентте пилоттық жоба ретінде тамыз айында  мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылғаны баршаға аян. Қазіргі таңда халыққа сапалы қызмет кеөрсетіп келе жатқан орталықта жұмыс қыза түскен.

Мұнда 26 оператор қызмет көрсетеді Тұрғындар енді әр мекеменің табалдырығын тоздырмай  көлік рәсімдеу,  жүргізуші куәлігін алу, наркологиялық диспансерден бастап түрлі анықтамаларды осы жерден алуда. Мұнда тіпті  емтихан тапсыруға да болады. Яғни емтиханды тапсырған бойда көлікті айдаудың қыр-сырын осындағы арнайы макет арқылы, сосын мамандандырылған орталықтың аумағында орналасқан автодромда тәжірибе жинақтайды.

Көлік салығы мен айыппұлды да осында төлеуге болады. Достық шағынауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызмет көрсете бастағанына екі ай болса да қысқа мерзімде бюджетке қомақты қаржы түсіріпті.  Осындай орталықтың жүйелі жұмысының нәтижесінде  қоғамдағы жең ұшына жалғасқан  сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа тосқауыл қойылып жатқандығы қуантады. 

 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608