Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2132 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 18:54

Оңтүстіктер жәрмеңкеде таң қалдырып жүр

Биыл Алматы қаласындағы жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары 320 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді. Жалпы 160 млн теңге тұратын ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы қаласының тұрғындарының көңілінен шықты. 

«Алматы мен Астана қаласын азық түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында осындай жәрмеңке ұйымдастырып тұрамыз. Алматыға биыл екінші рет келіп отырмыз. Таңғы 7-ден сауда басталып кетті. 160 млн. теңгеге 320 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алып келдік. Оның 100 тоннасы бау-бақша, 60 тоннасы ет. Өзімізде өсірілетін күркетауық, Шардараның балығы да бар. Біздің тауарлар нарықтағы бағадан 20-25 пайызға арзан. Одан бөлек, ОҚО-да шығатын аяқ киім, кілем секілді шеберханалардың өнімдерін де алматылықтарға ұсынып отырмыз», - деді жәрмеңкеге қатысушы Тұрғанбек Оспанов.

Жәрмеңке барысында байқағанымыз, алматылықтардың дені бал мен балыққа қызығушылық танытты. Шардараның балығы да «мен мұндалап» тұрды. «Шардара ауданында 6 млрд текше су жиналатын су қоймасы бар. Шардараның балығы республикада танымал. Бұл жәрмеңкеге 5 тонна балық, 5 тонна күріш әкеліп отырмыз. 5 тонна қауын-қарбызымыз да бар. Негізінен, аудандағы шаруалардың өз өнімін ғана әкелдік, баға да сол ауылдағы бағада, үстінен ақша қостырған жоқпыз. Халық алып жатыр. «Бағасы арзан, жиі келіп тұрыңыздар» деп бір-екі кісі келіп кетті», - дейді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбай. Айта кетер жайт Алматы қаласының тұрғындарының күнгейден келетін мұндай өнімдерге деген сұранысы ерекше. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550