Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2582 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:56

Шардараның күрішіне жетері жоқ

Заманында күріш өсіруден аты шыққан Шардара жұртының бүгінде сол шаруаны қайта қолға алғандарына көп уақыт бола қойған жоқ. Биылғы өнім көрсеткіші де жаман емес. Айталық, биыл шардаралық шаруалар 1 414 гектарға күріш егіп, 8460 тонна өнім алған. 30-дан астам шаруа қожалығы гектарына 60 центнерден күріш жинапты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшыларының айтуынша, көрші елдің диқандары күріштің «Тәуелсіздік» сұрпын қайта өзімізден алып жатыр екен. Себебі, біздің шаруалар бұл сұрыптың сапасын жақсарта алыпты.

Айталық, өзге өңірдегі күріштер 80-90 күнде пісіп-жетілетін болса, Шардараның күріші 120 күнде толығымен жетіледі екен. Яғни, экологиялық жағынан таза. Шардара ауданы биыл күрішпен қатар мақта жинаудан да жоғарғы көрсеткішке жетті. 11 972 гектар алқаптан 32 400 тонна мақта теріліп, аудандар арасында көш бастады. Әр гектардан алынған мақта түсімділігі — 27,1 центнерді құраған. Гектарынан алынатын өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 центнерге артқан. Жалпы, аймақта 5500-ге жуық шаруа қожалығы бар болса, оның жартысына жуығы ақ алтын өсірумен айналысады. Олар ақ ұлпаның келісін 100-104 теңгеден өткізген. Десек те, шардаралық диқандар мақта алқаптарын сақтап қалуда және сапаны арттыруда мемлекеттен қолдау қажеттігін айтады. 

Ауданда күріш шаруашылығының жұмы¬сын жүйелеу мақсатында бәсекеге қабілетті күріштің жаңа сорттарын шығару, озық технологиялар мен шетелдік жетістіктерді тәжірибеге енгізу секілді жұмыстарды атқаруға мән беріліп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502