Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2596 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 18:32

Бадамдағы жылыжайдың табысы артып келеді

Оңтүстік қазақстан облысында осыдан екі жыл бұрын, 2014 жылы еліміздегі ең үлкен жылыжай ашылған болатын. Ордабасы ауданы, Бадам ауылында салынған жылыжайдың көлемі 11 гектар жер.

 

Мұндағы озық технологиямен өсірілетін өнімнің ерекшелігі сол, ешбір химиялық қоспасыз, экологиялық таза. Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған ауылшаруашылығы нысанына мемлекеттен 2 млрд 574 млн теңге жұмсалып, 200-ге тарта адам жұмыспен қамтылды. Жылыжайда негізінен қияр мен қазынақ өсіріледі. Жылыжай Францияның заманауи жабыдықтарымен жабдықталған. Мұнда жылыту, тамшылатын сурару, перделеу секілді жұмыстардың барлығы крмпьютермен басқарылады. Жлына үш рет өнім бере алатын жылыжайға негізінен көкөністің голландиялық сорттары егіледі. Мамандардың айтуынша жылыжайдан қысы-жазы 8400 тонна өнім алуға боады екен. Ал химиялық қоспалардың орнына жәндәіктердің түр-түрі жіберіледі. Ешқандай пестицидсіз өсіреледі. Голландиядан арнайы алыдырылған биоагенттер пайдаланылады. Жылыжайға жіберілген биоагенттер өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден қорғайды. Шаруашылыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау қомақты бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартылса, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойында 516 миллион теңге инвестициялық субсидия берілген. Енді бұл жылыжай қыс мезгілінде көкөніс құнынының төмендеуіне әрі көршілік елдерден келетін импорт көлемін азайтуға септігін тигізеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458