Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 3147 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 14:10

«Су арнасы-Маркетинг» мекемесіне БҰҰ өкілдері келді

Шымкент қаласындағы «Су арнасы-Маркетинг» ЖШС де БҰҰ-ның өкілдері болды. Мұндағы мақсат — мекеменің жасыл экономика бағытында тындырған тірліктерін бағамдау. Климаттық жоба өкілдері жасыл технология жетістіктері ресурстарды тиімді пайдаланып, бюджет қаражатын үнемді жұмсауға септігін тиігізіп отырғанына көз жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан климат жөніндегі Париж келісімін мақұлдаған болатын. Осынау келісім негізінде еліміз 2030 жылға дейін атмосфераға зиянды қалдықтар шығару көрсеткішін 20 пайызға төмендетуі тиіс. Бұл ретте ірілі-ұсақты кәсіпорындардың жұмысын жетілдіретін модернизациялау шараларын қолға алу маңызды.

Аталмыш кәсіпорын бірнеше жыл ішінде қаладағы тазарту қондырғыларын жаңартып үлгерді. Мұндағы барлық процесс суды екінші реттік өңдеуден өткізуге, яғни аэротенктен, радиалды ағардан биогаз өндірілетін метантенкке дейін алуға бағытталған. Кәсіпорын мұны өз қажетіне жаратуды көздеп отыр. Сонымен қатар, мекеме шаруашылыққа қажетті электр энергиясын күннен қуат алатын қондырғылардан өндіріп отыр. Шетелдік сарапшылар бұл тиімді технология өзге де мекемелерге үлгі болуы тиіс дейді.

Abai.kz

0 пікір