Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5533 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:37

Электронды жүйе арқылы лицензия береді

Мемлекеттік кірістер басқармасында лицензия беруге қатысты бірнеше қызметтің түрлері көрсетіледі.  бұрындары салық төлеушілер аталған қызметті тек мемлекеттік кірістер органдарынан ала алатын.

Ал, қазір бұл қызметті альтернативті негізде мемлекеттік органдар және Мемлекеттік корпорация көрсетеді.  Яғни президент Н.Назарбаевтың  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында есеп беруге үкіметті қалыптастыру, халыққа ақпаратты қолжетімді ете түсуді көздейтін, ОҚО-да қарқынды түрде жұмыс істеп тұрған  «Ашық әкімдік» жобасы аясында мемлекеттік кірістер органдарының 24 қызмет түрі енді автоматтандырылған және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылмақ.

Атап айтқанда: темекі өнімдерінің өндірісіне, этил спиртінің өндірісіне, алкоголь өнімін өндіруге, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау жіне бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға жіне бөлшек саудада өткізуге лицензияны электронды жүйеде алуға болады.

  Бұрындары бірнеше күн шапқылап жүріп алуға болатын қызмет түрлері мен құжаттар осылайша «Ашық әкімдік» жобасының арқасында оңтайланып, автоматтандырылуда. Бұл бірінші кезекті, әрине қарапайым халыққа тиімді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318