Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 4350 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:18

Қаратау баурайында жылыжайлар көптеп салынуда

Солардың бірі 20 сотық жерде орналасқан дихан Уәлихан Асаевтың жылыжайы. Әр көкөнiстен жылына екi рет өнiм алынады. Қызанақтан – 18-19 тонна, қиярдан жыл бойы 16-17 тонна өнiм жиналған. Алғашқы жыл болғандықтан, лимон 30-40 келiдей ғана өнiм берiптi.


Ал, Абдуроим Мусаев «Яссы-Несие» кредиттiк серiктестiгiнен несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Жеке кәсiпкер iрi қара мал, қой өсiредi. Бүгiнде иелегiнде 450-ге жуық iрi қара мал мен 1000-нан астам уақ мал бар. Ендiгi жерде шаруа ет өндiру, мал бордақылау iстерiн де қолға алмақ.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен құрылған «Яссы-Несие» кредиттiк серiктестiгi 2003 жылдан бастап жұмыс iстеп келедi. Алғашында 14-15 қатысушыны тiркеп, жұмыс iстеген ұйымда қазiргi кезде 770 мүше бар. Корпорацияның өткен жылғы рейтингiлеу нәтижесi бойынша «Яссы-Несие» елiмiздегi 171 кредиттiк серiктестiк арасында ең үздiк деп танылды.

– Бiзден несие алу үшiн шаруалар кепiлге мал-мүлкi мен депозиттегi қаржысын қойса болады. Ауылдағы үйлердi де аламыз. Ал, несие 14 пайызбен, қойылған кепiлдiң бағасына қарап берiледi. Оның 7 пайызы субсидияланады деп күтiлуде. Сонда бiзден несие алған шаруа тек 7 пайызын ғана төлейтiн болады. Бүгiнде несие алушылардың барлығы да уақтылы толық төлем жасап отыр, – дейдi кредиттiк серiктестiк төрағасы Каримжан Гайбишов.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен қазiргi күнi елiмiздiң 13 облысындағы 163 ауданда 171 кредиттiк серiктестiк құрылған. Бүгiнде кредиттiк серiктестiк жүйесi 12 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң басын бiрiктiрiп отыр. 2015 жылы серiктестiк құрамына 2 мыңнан аса жаңа қатысушы тартылған. 15 жыл iшiнде кредиттiк серiктестiк жүйесi қатысушыларына 160 млрд. теңгеден аса қарыз берiлiп, 120 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320