Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3967 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 10:24

Дін істері және азаматтық қоғам министрі белсенді жастармен кездесті.

Бүгін Астана қаласында үшкүндік республикалық форум аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық орталығында делегаттарға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Кездесуге делегаттардың ішінен 2016 жыдың басынан бастап Қазақстаннның облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында сайланып алынған белсенді, шығармашыл, жұмысшы, ғалым жастар мен республикалық жастар ұйымдары мен Қазақстанның барлық өңірлерінен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. 

Делегаттарға арналған боулинг, теннис, тимбилдинг бойынша конкурстар, сондай-ақ, концерттік шоу-бағдарламалар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар ұсынылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен  1 желтоқсаны аралығында Астана қаласында Қазақстанның 25 жылдық мерейтойына арналған Республикалық жастар форумы өтеді.

Форумның бағыты - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде жастар мен жастар саясатының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақстандық жастардың «Қазақстан - 2050» стратегиясының міндеттеріне жету жолында жұмылдыру, Мәңгілік Ел құндылықтары аясында жастарды біріктіру.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313