Жұма, 22 Қараша 2024
Жөн-ақ 5942 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 17:29

РАХЫМШЫЛЫҚ ОРАЛМАНДАРҒА ДА ЖАСАЛСА...

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің төрағасы

Н.З. Нығматулинге

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес өз бастамасымен Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын енгізді. 

2013 жылы төрт жылсыз азаматтық берілмейтін етіліп асығыс қабылданған қатаң Заң шетелден көшіп келген неше жүздеген қандастарымызды әкімшілік құқық бұзушылыққа ұрындырды.

Соның кесірінен, мысалы 2015 жылы 307 этникалық қазақ елден тыс жерге шығарылыпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 199 қандасымыз жазаға тартылып, өз еліне қайтарылыпты. Бұл – Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың Сенатор Мұрат Бақтиярұлына өз қолымен берген мәліметі. Ал, біз жағынан сұрау жіберілгенімен, министр 2014 жылы қанша қазақтың дәл осы құқық бұзушылықтың құрбаны болғаны туралы мәлімет бермепті. 2014 жылғы көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін!

Өкінішке орай, осы әкімшілік шарамен соттың шешімі арқылы елден қуылған қандас азаматтар бес жылсыз Қазақстанға орала алмайды. Отбасылар екіге бөлініп қалды...

Бұрын бір мәрте әкімшілік құқық бұзған шетелдік азамат жазаға тартылып, өз еліне қайтарылатын болса, өткен жылы қайта қабылданған Заң жобасында бұл норма бірнеше рет бұзған жағдайда елден шығарылады деп өзгертілді («Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 49-бап, 5-тармағы).

Міне, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назрбаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын Мәжіліске енгізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Парламент Мәжілісінің төрағасы мәртебеңізбен, ескі Заңның тым қатаңдығын ескере отырып, Сіздің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бері Сот шешімімен елден тыс жерге шығарылған сол қандастарымызға да бір мәрте рақымшылық жасатуға ықпал етуіңізді сұраймын.

Бұл рақымшылық - тумаларынан бөлініп қалған этникалық қазақтарды Атажұртқа оралтып, отбасына қайта қосатын болады.

 

Құрметпен,

Ақын, Ауыт МҰҚИБЕК

29.11.2016

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320