Жұма, 22 Қараша 2024
Мәселенің мәні 6288 1 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 10:42

ТӨРЕҚҰЛОВТАНУШЫЛАР КІМДІ "ТАНЫП" ЖYРГЕН?

Жақында Оңтүстік Қазақстан облыстық газетінен: «Н. Төреқұловтың тұрған үйі табылды» деген ақпаратты оқып таң қалдым. Біздің осы уақытқа дейін дұрыс деп келген мәліметтер дұрыс болып шықпағаны ма деген оймен Арыс ауданы, Шөгірлі ауылына сапар шектік.

Түркістандағы мұражайында сақтаулы тұрған Нәзірдің өз қолымен салған суреті. Н. Төреқұловтың өсіп-өнген үйі.

Осы үйдің орнын тапқан Н. Төреқұловтың немере інісі Әлжан Төреқұлов осы ауылдың тумасы екен.

- Міне, мынау менің артымда тұрған Н.Төреқұлов туып, өскен үйі мен оның жанында 1896 жылы Төреқұл бабамыздың садырған мешітінің орны.

- Осы уақытқа дейін Нәзірдің туған ауылына тарихшылар немесе «Нәзіртанушылардың» бірде-біреуі іздеп келген емес.Төреқұловтың азан шақырып қойған аты Нәзір емес Нәдір болатын. Тарихшылардың қателесіп жүргені, яғни олардың айтып жүрген Нәзірдің әкесі - Жанұзақов Төреқұл дегені қоқандық қазақ, әйелі тәжік деп айтады. Қоқандағы Жанұзақов Төреқұл - аттас бөтен біреу. Жанұзақов Төреқұлды 1915-17 жылдары қайтыс болған дейді. Біздің Нәдірдің атасы Жанұзақ емес Тұралбек. Тұралбекұлы Төреқұлды 1938 жылы Шөгірліде бір түнде НКВД-ның жендеттері келіп сұраусыз, тергеусіз атып тастаған. Ағайындар ауылға жерлеуге қорқып бір түнде Арыс ауданына қарасты «Сырдария» елді мекеніндегі ескі молаға апарып жерлеген. Әкем мені сонда апарып көрсетіп, бірақ «мынау» деп дәл көрсетіп бере алмады. Қанша жылдар өткен мүрделер тегістеліп қалыпты. Біздің жеті ата-бабамызға дейін Жанұзақ деген есім жоқ. Нәдірдің Нәзірге айналуы алғаш Лениннен мандат алғанда қате жазылып, қате айтылып кеткен. Нәдірдің өз «қолымен» жазған өмірдерегінде Қоқанда туылғанын жазады. Аласапыран заманда мүмкін солай жазуға мәжбүр болған шығар.1937 жылы атылып 1957 жылы ақталған соң осы өмірдерекке арқа сүйеген өзбектер оны «қоқандық» өзбек деп иеленіп, Ташкентте, Қоқанда көшенің, мектептің атын береді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Нәдірді тұңғыш қазақ екенін айтып М. Мырзахметов ағамыз Мақтарал аудандық газетіне мақала жариялайды. Өмірбаяны беймәлім болғандықтан  қазақ зерттеушілері оны Жанұзақов Төреқұл деп танып Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандоз ауылында, қызылдың құмында  дүниеге келді деп жобалап жазады. Біздің Төреқұл атам да оның ұлы Нәдірде қызылдың құмында «Мұрын-Қарақты» деген жерде дүниеге келгені рас. Тұралбек бабамыз би болып, орыстың отарына түскенде болыс болып сайланады. Бірақ орыстың қазаққа зорлық-зомбылығын көрген соң одан бас тартады. Орнына Қайырбек деген інісі сайланады. Одан қалған жалғыз ұл Қайыптан –Таңатар. Ол соғыс ардагері - оның ұрпақтары Арыс ауданы «Қараспан» аймағында тұрады. Төреқұл атамыз Орталық азияда белгілі керуенбасы, саудагер болған. Ол кезде Сырдария өзенін бойлай Аралға дейін екі жағасында тұз кеніштері осы кісінің жекеменшігінде болды. Сырдың тұзын жүздеген түйелермен керуен тартып саудалап, Кіші Азия мен Орталық Азияда сауда керуенін жүргізген.Тек қана тауар емес Самарқан, Бұқара, Мысыр, Шам, Ыстанбұл қалаларына тұз апарып қайтарында тауарларымен қоса міндетті түрде оншақты түйеге халыққа, медресеге керекті кітаптарды сатып алып отырған. Оның әкелген кітаптарын қазақтың оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысындағы бай шожарлар, молда, қарилер, медреселер сатып алып, қазақ сахарасына тараған. Қазақтың оқыған бай-шонжар, зиялы қауымының талантты, дарынды балаларын Мысырға, Шамға, Бағдатқа, Ыстанбұлға апарып оқуға түсіріп, оқу бітіргендерін керуенмен бірге қайта алып келіп отырған. Оқып жүргендерінің қал-жағдайын біліп, қаражаты біткендерге қаржылай көмек беріп, керек кітаптарын тауып беріп, аш- жалаңаш қалмауына көз қырын салып жүрген. 1896 жылы сауатты әрі бақуатты тұрған Төреқұл Шөгірліге келіп өз қаражатына мешіт,медресе салдырады. Соны естіген Шиелідегі Шоқай би алты жасар Мұстафаны осы медресеге әкеліп аманаттап оқуға береді. Нәдір мен Мұстафа Шоқай осы медреседе білім алады. Есейе келе саясаттың шырғалаңына шыққан олар саясатта екеуінің жолы екі жаққа кетеді де қайтып бір-бірін танымастай болып кетеді. Төреқұлды өлтірген соң коммунист шолақ белсенділер медресе мен мешітті жермен жексен етті.

Төреғұлдың екі әйелінен бес қыз, үш ұл. Бірінші әйелі-Мырзабайқызы Жүністен – Нәдір, Мәулен, Төлеген, Өрік, Фатима, Қалдыгүл, Данагүл. Екінші әйелі Амангелдіқызы Ырыскүлден менің әкем Құдайқұл мен Базаркүл. Төреқұлдың Мәулен деген баласы екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз кетсе,Төлеген он жеті жасында ауырып жастай қайтыс болған. Бес қыздың ұрпақтары; Оңтүстік Қазақстан облысының әр аудандарында ғұмыр кешіп жатыр. Құдайқұлдан үш қыз, алты ұлмыз. Осы уақытқа дейін неге «үнсіз жаттыңдар» деп біреулер күдікпен қарайды. 1957 жылы Нәдір ақталған соң әкем қуанып деректерді жинай бастағанда баяғы жаналғыш НКВД-ның жендеттері бәрі тірі биліктен - билікке өсіп емін-еркін өмір сүріп жүргендер шошып кетіп: «Мұныңды доғармасаң сені де себебін тауып соттаймыз» деп қорқытады. Әкем тыңдамай жинай береді. Аңдып жүрген «жансыздар» бір түнде жарты қойын айдатып басқаға қосады да өзін ұстап, «үкіметтің малын жеп» қойды деп аяқ астынан актілеп, жалған куәлерімен үш жылға соттап жібереді. Түрмеден ауру болып оралған әкеме, ауыл ақсақалдары; «Нәдірді іздеген тірлігіңді қой, енді бала-шағаңды соттап жіберер деп тиым салады.Тәуелсіздік алған соң қиын- қыстау заманда кім- кімді іздеді дейсің, оның үстіне әкем бір күн ауру бір күн сау жанын бағып бас қайғы болды. Біз онша мән бермедік. Әкем дүниеден өтерде: «Балам саған аманат, Нәдір менің ағам, сенің атаң соны жарыққа шығар» деп аманат етіп кетті.

Гаухарбек Күнхожаев халықаралық қолөнер шеберлерінің лауреаты:

- Нәзіртанушылар өте көп еңбектенген. Оны жарыққа шығарып әлемге танытудағы еңбектері шексіз. Дегенмен Нәзірдің қызы Әнелді Мәскеуден тауып, оның Түркістанға әкеліп жерленуіне себепші болған академик Ақаев Аманбек ағамыздың еңбегі еленбей қалған.Төреқұлов Нәзір шығармаларының көп томдық жинағында ең болмаса осы кісінің еңбегін атап өткені жөн болар еді. Нәзірдің інілері деп біреулердің аттары аталған екен, бірақ сайда саны, құмда ізі жоқ белгісіз жандар сияқты. Кез-келген Нәзір туралы зерттеулерде оның отбасы туралы мәлімет жоқтың қасы. 

 

Тоғайбай Нұрмұратұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317