Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
7060 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 16:00

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясына байланысты Ассамблеяның үндеуі

Құрметті отандастар!

Ардақты ағайын!

Бүгін, Қазақстан халқы тарихи оқиғаның – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдаудың куәгері мен қатысушысы болды.

Декларация, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен ауқымды жетістіктерін, Ұлы Дала елінің «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясындағы жеңістерін бейнелейтін маңызы ерекше құжат болып табылады.

Өткен 25 жыл – бұл біздің халқымыздың аса қымбат құндылығына айналған Тәуелсіздіктің Ұлы жолы, Қазақстанның әрбір азаматының қосқан үлесі және ерен еңбегі.

Еліміздің табысты дамуының берік іргетасы Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісі екенін Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше атап өтеді.

Тәуелсіздік жылдары біз еліміздің игілігі үшін бірге, бір отбасындай жұмыс істедік. Бірлік, бейбітшілік пен келісімді біздің қоғамның адамгершілік және этикалық нормалары ретінде қалыптастырдық.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясы – бұл Қазақстанның қазіргі және болашақ ұрпақтарын, біздің басты және қастерлі құндылығымыз –егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ардақтауға және арттыруға шақыру.

Біз Тәуелсіздіктің Ұлы жолын мәңгілік ету үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясында көрініс тапқан, астанада «Tәуелсіз Қазақстан» монументін орнату идеясын толық қолдаймыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетіміздің құрылысына қосқан үлесін Конституцияда атап өту бастамасын, сондай-ақ, Елбасының атын астананың және басқа да маңызды нысандардың атауында көрсету туралы бастаманы толық қолдайды.

Бұл шешім, елімізді құру мен табысты дамытудағы Мемлекет басшысының тарихи рөліне Қазақстан халқының білдіретін құрметінің заңды және объективті көрінісі болып табылады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясы, қазақстандықтардың ел игілігі мен «Қaзақ­стан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін, Елбасының айналасына топтасуға ұмтылыстарын нығайта түседі.

Біз, Болашағы Біртұтас ұлттың әл-ауқатын арттырудың негізі болып табылатын ел бірлігін, бейбітшілік пен келісімді біздің стратегиялық артықшылықтарымыз деп санаймыз.

Біз, Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз және әрбір қазақстандықты қасиетті Ұлы Дала елінің жерінде гүлденген Қазақстанды нығайтуға өз еңбегімен үлес қосуға шақырамыз!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

2016 жылғы 23 қараша

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963