Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2277 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:32

Оңтүстік шаруалары өзгерістерге бейімділігін байқатуда

Оңтүстікте соңғы жылдары шаруа қожалықтарының саны айтарлықтай көбеюде. Бұл өңірдегі ауылшаруашылығы саласының дамып жатқанын, шаруалардың жермен жұмыс істеуді күшейте түскенін, ендігі жерде елімізде табиғи, сапасы сенімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің көбейе түсетінін аңғартады.

Айта кетер жайт, шаруалардың санының өсе түсуімен қатар олардың жаңа технологияларға бейімделуі, ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға белсенді атсалысуы да қарқынды жүруде. Осының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шарушылығы бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, толағай табыстарға жетіп отыр. Атап айтқанда биыл қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы "Агробизнес - 2020" бағдарламасы шеңберінде облыс шаруаларымен 470 мың тонна астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құраған. Өткен 2015 жылы бұл көрсеткіш 246 мың тонна құрағанын ескерсек күнгейдегі шаруалардың биыл еңбегінің жанғанын байқаймыз. қазіргі таңда мамандар Оңтүстік Қазақстан облысының бұл жетістігін еліміздің Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болғанын атап айтып отыр.

Осы орайда атап айта кетерлік жайт жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі аталмыш өңірде жылдан - жылға ұлғаю үстінде. Нақтырақ айтсақ, 2008-2016 жылдар аралығында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га жеткізілген. Оңтүстік бұл көрсеткішке оңай жетіп отырған жоқ, жаңа технологияларға тез бейімделіп, шаруалар санының артуы және субсидияларды тиімді игеру бағытындағы кешенді түрде ұйымдастырылған жұмыстардың арқасы деуге болады. 

Abai.kz

0 пікір