Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 3500 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:26

Күтім көрген жерден күтілер нәтиже де көп

Жерді игеріп қана қоймай, көп нәтижеге қол жеткізу үшін ол жерді күтіп баптаудың, минералды тыңайтқыштармен байытудың да маңызы зор! Мақтарал ауданында бұл бағытқа да аса үлкен көңіл бөлінген.


Биылғы жылы аудан аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералды тыңайтқыштарға субсидия төлеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 166 бұрықтарына сәйкес жүргізілген. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған бұйрықтарға байланысты, бөлімге 131 шаруа қожалық басшыларынан 30353,7 тонна аммиак селитрасына, 9 шаруа қожалық басшыларынан 1746,4 литр МЭРС микробиотыңайтқышына және 2 шаруа қожалық басшыларынан 40,7 фосфорлы тыңайтқыштарға өтінімдер келіп түсіп, қанағаттандырылған. Соның нәтижесін кешегі жиналған күзгі жиын терімнен анық байқауға болады. 

Биылғы жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 9035 тонна ЖЖМ бөлініп, бөлінген ЖЖМ-дың 8860 тоннасы АШТӨ тарапынан игерілді (98,0 %). Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 10725 тонна ЖЖМ бөлініп, бөлінген ЖЖМ-дың 10264,5 тоннасы ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тарапынан игерілгенін байқап отырмыз (95,7 %). Шаруалар өндірілген өнімнің сапасына да, нәтижесіне де көңілдері толатындарын жеткізуде. Күзгі жиын терімнен соң, жерді емген елдің дихандары «Алтын күз» мерекесін де шаттана тойлады. Көңіл тоқ, көмбе де астыққа толы. Дихандар үшін ең бастысы осы!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576