Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4397 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 12:01

Ырысбек Дәбейдің «Мөлтіл» атты кітабының таныстырылымы өтті

Жақында Алматыда ақын Ырысбек Дәбейдің жаңа кітібының тұсаукесері өтті. Бұл туралы «Абай ақпарат» хабарлайды.

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында қаламгер Ырысбек Дәбейдің «Мөлтіл» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтіп, оған ақын Құл-Керім Елемес, жазушы Серік Нұғыман, Даурен Қуат, Қанағат Әбірқайыр бастаған бірсыпыра қаламгерлер қатысты.

Арғы беттегі қазақ жұртының кешегі әм бүгінгі тыныс-тіршілігі, қазақы өмірдің кейбір сәттері кестеленген жинаққа қаламгердің «Қарға тамған көз жасы» атты хикаяты енген. Хикаятта араға көп жыл салып туған жеріне барған кейіпкердің кіндік қаны тамған өлкеге деген сағынышы мен махаббаты баяндалады. 

Айта кетейік, осыған дейін қаламгердің «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты эсселер жинағы жарық көрген болатын. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114