Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4330 0 пікір 21 Қараша, 2016 сағат 13:45

Алматыда "Алтын домбыра" айтысы өтеді

Жуырда "Алтын домбыра" айтысы өтеді. Айтыс ақтаңгерлерінің жыл соңындағы басты сынағы Ел тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған  сайысы биыл 3-4 желтоқсан күндері азаттықтың алтын бесігі Алматыда өтеді. Айтысқа демеушілік көрсеткен Алматы қаласының әкімдігі. 

Қазір "Алтын домбыра" айтысының билеттері сатылымға шықты. Билеттерді Республика сарайының кассасынан және М.Ауезов атындағы драма театр, Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония кассаларынан ала аласыздар.

 "Нұр Отан" партиясының қолдауымен өтетін аламан айтысқа Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Иранғайып Күзембаев, Шалқарбай Ізбасаров, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Қалижан Білдәшев, Ершат Қайболдин, Рүстем Қайыртай, Өміржан Көпбосынов, Шұғайып Сезімхан, Ержан Әміров, Сырым Әділбек сияқты ақындар қатысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113