Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Мәйекті 7175 0 пікір 14 Наурыз, 2017 сағат 17:43

КУЛАГИННЕН БАСҚА КІМДЕР АУЫСТЫ?

Бүгін Мемлекет басшысының пәрменімен бірқатар ауыс-түйіс болатынын жазған ек. Айтқанымыздай, Қарағанды облысының әкімі орынына - Ерлан Қошанов жайғасты.

Қарағанды облысының экс-әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ҚР Есеп комитетінің төрағалығына барды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Дархан Мыңбай келді.

Ал бұл орынтақта осыған дейін отырған  Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының жарлығымен Маңғыстау облысы әкімі қызметіне тағайындалды.

Ал Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің орнына Мәлік Мырзалин (Мурзалин) келді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969