Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4079 0 пікір 27 Ақпан, 2017 сағат 08:40

Де Мистура: Хомстағы шабуылдар – бейбіт келісімді бұзуға талпыныс

БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан Де Мистура сириялық Хомс қаласында жанкештілер жасаған шабуылдарды "Женевадағы бейбіт келіссөздерге кедергі келтіруге талпыныс" деп атады. Ол сириялық қаладағы жарылыстардың келіссөздерге кесірі тимейді деп үміттенеді.

Сенбі күні Хомс қаласында Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бас кеңсесі мен әскери барлау ғимараты маңында алты жанкешті жарылыс жасады. 40-тан астам адам қаза тапты. Террорлық шабуыл жауапкершілігін "Ан-Нусра майданы" өз мойнына алды.

Адам құқығының сақталуын қадағалау жөніндегі сириялық орталықтың хабарлауынша, қала орталығы қоршалған. Бұл шабуылдардан соң сириялық әскер Хомстағы бүлікшілердің бекіністерін әуеден соққылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019